Визасыз режим, «ашық аспан»: Қазақ-қытай әуе қатынастары қалай дамы жатыр

2023 жылдың 10 қазанында Қазақстан мен Қытай арасында визасыз режим ресми күшіне енген болатын. Бұл іргелес жатқан екі елдің интеграциясын жаңа деңгейге көтеретінін болжаушылар көп болды. Бүгінгі материалда сол болжамдардың барыс-келісте, оның ішінде әуе байланыстарында қаншалықты орындалғанына шолу жасаймыз.

Қазакстанда аптасына 54 маршрутқа 637 әуе рейсі қатынайды. Ал сыртқы әуе қатынасына келсек, апта сайын 591 рейс 29 елге 111 маршрутпен ұшып тұрады. Астана, Алматы, Тараз, Шымкент, Ақтау, Семей, Қарағанды, Өскемен, Павлодар, Петропавл, Көкшетау, Түркістан және Ақтөбе қалалары 13 отандық әуежайда «ашық аспан» режимі жұмыс істейді. Мемлекеттік тізілімде 947 әуе кемесі тіркелген. Тұрақты коммерциялық тасымалдарға 96 ұшақ жұмылдырылған.

Заңмен шегенделген ықпалдастық

Қазіргі таңда Қазақстан мен Қытайдың арасында 9 әуе маршруты бойынша аптасына 46 рейс қатынайды. Оның екеуін қазақстандық әуе компаниясы үшеуін қытайлық компания орындайды. Сөз басында айтылған 2023 жылдың 10 қазанынан дейін 7 әуе маршруты бойынша апта сайын 27 рейс қана қатынайтын. Осыдан-ақ визасыз режимнің әуе қатынасына қаншалықты оң серпін бергенін көруге болады.
Бұл көрсеткіштер саладағы интеграцияның қазіргі межесіне тоқмейілсуге мүмкіндік береді деуге болмайды. Өйткені Қытай қазір әлемдегі ең үлкен біртұтас нарық болып есептеледі. Ал Қазақстан кейінгі 2-3 жылдың көлемінде Қытайды өзінің ең ірі сауда серіктесі етіп отыр. «QazTrade сауда саясатын дамыту» акционерлік қоғамының мәліметі бойынша арадағы сауда айналымының ақшаға шаққандағы көлемі 31,5 млрд доллар болған. Екінші орындағы Ресеймен сауда айналымы 26 млрд доллар болса, Италия - 16,1 млрд доллар. Мұны екі елдің көлік, логистика жүйесіне жауапты органдары бізден жақсы түсінетіні анық.
2024 жылдың маусым айында екі мемлекеттің авиация саласына жауапты органдары өзара келіссөздер жүргізді. Соның қорытындысы бойынша рұқсат етілген рейстер саны аптасына 84-тен 104-ке дейін ұлғайтылды. Ал биылғы екінші жартыжылдықтан бастап аталған көрсеткішті аптасына 124-ке дейін көбейту жоспарда тұр.
Сонымен қатар авиакомпаниялар қолданыстағы кейбір бағыттар бойынша рейсте жиілігін ұлғайту мүмкіндігі қарастырылып жатыр.
Енді осы аталған көрсеткіштер нақты қандай қадамдардың арқасында мүмкін болғанына тоқталайық.
2023 жылдың қаңтарында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасының үкіметі мен Қытай Халық Республикасының үкіметі арасындағы азаматтық әуе кемелерін авиациялық іздестіру және құтқару саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау туралы» Заңға қол қойды.
Аталған келісімнің негізгі міндеттері апатқа ұшыраған әуе кемелерінің жолаушылары мен экипаждарын іздестіріп, құтқару саласындағы өзара ынтымақтастықты нығайту еді. Бұл құжат екі елдің арасындағы әуе қатынастары жаңа ауқымға, жаңа сапаға шыққанын заңнама деңгейінде растайтын фактор болды.

Ежелгі байланыс, жаңа ойыншылар


2023 жылдың сәуір айында Қазақстанның Азаматтық авиация комитеті ҚХР авиациялық билік орындарымен бірлесіп «Air China»әуе компаниясының Қазақстан мен Қытай арасында тұрақты жолаушылар рейстерін қалпына келтіру мәселесін пысықтады. Сол келіссөздер негізінде 2023 жылдың 21 сәуірінен бастап Air China әуе компаниясы Бейжің – Сиань – Астана бағыты бойынша әр аптаның дүйсенбі, сәрсенбі, жұма күндері тікелей жолаушылар рейсін орындайтыны туралы мәміле жасалған. Рейстер Airbus-A320 типті әуе кемелері арқылы іске асатыны да белгіленді.
Ал Қазақстан тарабынан Air Astana әуе компаниясы 2023 жылдың маусым айынан бастап Астана – Бейжің бағыты бойынша жасап жүрген рейстер санын 1 -ден 2-ге дейін, Алматы – Бейжің бағыты бойынша 6-дан 7-ге дейін және Алматы – Чэнду бағыты бойынша аптасына 1-ден 2-ге дейін ұлғайтуға келіскен.
Осылайша, елдер арасындағы рейстер саны аптасына 13-тен 19 рейске дейін ұлғайтылды. Оның ішінде қытайлық China Southern Airlines әуе компаниясы Астана – Үрімші бағыты бойынша аптасына 2 рейс және Алматы – Үрімші бағыты бойынша 3 рейс жасайтын болды.
Ал 2023 жылдың 7 қыркүйегінде қытайлық Loong Airlines әуе компаниясы Ханчжоу – Алматы бағыты бойынша алғашқы жолаушылар рейсін іске қосқан еді. Рейстер «А321» үлгісіндегі әуе кемесі арқылы әр аптаның сейсенбі, бейсенбі және сенбі күндері қатынауға бел буған.
Бұл деген «Ашық аспан» қағидатының» игілігін іс жүзінде сезінуге көшкен Қазақстанның әуе нарығына тағы бір жаңа әуе тасымалдаушының келгенін аңғартатын оқиға болды. Жаңа бағыттың ашылуы арадағы сауда-экономикалық, туристік және мәдени ынтымақты одан әрі дамытуға ықпал ете бастады. Өйткені Қытайдың Ханчжоу қаласы Чжэцзян провинциясының орталығы болып есептеледі. Ал ондағы әуежайы Қытайдың өзінде ең көп жұмыс істейтін 10 әуежайдың бірі болып отыр.
Loong Airlines жолаушылардан бөлек тасымалдаумен де айналысады. Иелігінде «Б737» типті 70 ұшақ бар. Бүгінгі таңда Loong Airlines 170-тен астам қаланың арасында 600 ішкі және сыртқы, жолаушылар және жүк тасымалын орындайды.
2024 жылдың 30 мамырынан бастап China Southern Airline әуе компаниясы сәуір айындағы уағдаластықты іс жүзінде орындап, Астана – Үрімші бағыты бойынша рейстер санын аптасына 2-ден 3 рейске дейін арттырды. Бұл Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2023 жылғы қазандағы Қытайға сапарында мәлімделген уағдаластықтың өмірге еніп, екі арадағы жалпы рейстер 27-ден 43-ке дейін ұлғайтты.
Бұл көрсеткіштер өзара байланыстарды нығайтып қана қоймай, халықаралық әуе тасымалы нарығындағы бәсекені арттырып, ұшақ билетінің бағасын төмендетуге ықпал ететін жайт болды.

Сиань келіссөзі

2024 жылдың маусымында Сиань қаласында «С5+1» форматындағы диалог аясында Қытай - Орталық Азия азаматтық авиация саласындағы ынтымақтастық жөніндегі жұмыс тобының бірінші конференциясы өтіп, Қазақстан-Қытай келіссөзі жүрді.

Келіссөздер барысында екі елдің бекітілген тасымалдаушыларының рұқсат етілген жиіліктер санын аптасына 124 рейске дейін ұлғайту мүмкін екеніне екі тарап та сенім білдірді. Осы келіссөз арқасында
қазақстандық әуе компаниялар Хайнань аралындағы Санья, Хайкоу және Цюнхай қалаларына, оның ішінде бесінші, алтыншы және жетінші әуе еркіндігін» пайдалана отырып, шексіз рейстерді орындауға мүмкіндік алды.

Бұл екі елді әуе қатынасында «ашық аспан» қағидаты толыққанды орнағанын білдіретін уағдаластық еді. Жалпы Қытай «әуе еркіндігінің» бесінші дәрежесін пайдалану құқығын АҚШ пен бірнеше Еуропа елдеріне ғана ұсынатынын айту керек.
Қазақстанның негізгі әуе хабы Астана мен Алматы екені айдай әлемге аян жайт. Осы екі қаладағы халықаралық әуежайлар арқылы қытайлық China Southern әуе компаниясы ұсынған ұшақпен Гуанчжоуды Үрімжіге аптасна екі рет қатынауға болады. Ал қазақстандық Air China Санья арқылы Бейжіңге аптасына екі рет жолаушы тасымалдайды.
Осы Air Astana Алматы мен Бейжің арасында Airbus A320 ұшағымен аптаның 6 күнінде қатынайды.
Ал қазақстандық Scat Airlines туристік агенттіктерге Санья қаласына (Хайнань аралы) чартерлік рейстер ұсына алады. Яғни, тұрақты рейс болмағанымен, Астанадан да, Алматыдан да туристік бағдарлама аясында қызмет көрсетеді деген сөз.
Алматы қаласының әкімдігі келтірген мәліметке сүйенсек, былтыр бұл шаһарға 95,3 мың қытайлық турист келген. Бұл 2023 жылға қарағанда 54 пайыз жоғары.
Әкімдік биылғы маусымнан бастап Алматы-Бейжің бағытында қосымша рейс, Алматы – Чэнду бағытында жаңа рейс ашылатынын хабарлаған еді.
Қазір бір ғана Алматыдан Бейжіңге ай сайын 53 рейс қатынайды (Air Astana - 22, China Southern Airlines - 31). Ал Үрімжіге ай сайын 61 рейс (Air Astana - 17, China Southern Airlines - 44), Сианьге 9 рей (China Southern Airlines), Ханчжоуға 18 рейс (Loong Air), Саньяға 9 рейс (Air Astana) жолаушы тиеп ұшады.
Биылғы наурыздан бастап Air Astana наурыз айынан бастап Алматы – Гаунчжоу бағытында аптасына 3 рет рейс орындауды жоспарлап отыр.
Қытай қазір әлемге ең көп турист «экспорттайтын» елдің бірі болып есептеледі. Еуразияның кіндігінде жатқан Қазақстан осы сапарларға қызмет көрсету арқылы арадағы әуе қатынастарын дамыта алады. ICAO-да жұмыс істеген тұңғыш қазақ, белгілі авиатор Абыл Кекілбаев Шымкент әуежайына инвестиция осы мақсатпен салынғанын айтады.
- Ол үшін қазақстандық әуе компаниялары Ресейдің санкция құрсауынан қашан шығатынын күтіп отырмай, Әзербайжан, Түркия арқылы Еуропаға қатынайтын жолдарға басымды беру керек. Қазір Өзбекстанның компаниялары осы бағытқа ойысқан. Біз де олардан қалыспауымыз керек, - дейді сарапшы.

Комментарии (0)

Оставить комментарий




Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Другие новости

Читать все новости

Бренды Changan NEVO, Deepal и Avatr в Казахстане

Соглашение о дистрибьюторском сотрудничестве между Changan Automobile и FLYING AUTO объединяет сильные стороны

Укрепление солидарности и сотрудничества в целях содействия Шанхайской организации сотрудничества по достижению нового уровня развития

После саммита в Астане в июле 2024 года Китай официально принял действующее председательство в ШОС на 2024-2025

«Казахстанско-китайский дом водителей» решает «важные мелочи» и способствует развитию грузоперевозок

У входа в международный логистический парк «Цзиньи» в Хоргосе ярко выделяется табличка с надписью

Число пересечений границы в Международном центре приграничного сотрудничества «Хоргос» превысило 1 миллион.

В настоящее время в китайской части МЦПС «Хоргос» работают более 2000 торговых предприятий, включая более 200

Первая партия разноцветного перца экспортируется из Кашгара в Россию

Экспорт разноцветного перца общим весом 350 тонн из Кашгара в Россию осуществляется совместно профессиональным

О газете Контакты Размещение рекламы Мобильная версия Нашли опечатку?
Ctrl+Enter
Прислать новость

Учредитель: ОФ "Международная академия культурного и экономического сотрудничества "Новый Шелковый путь". Ответственный редактор: Дауров Хусей.

Мнение автора не отражает позицию редакции. Наш адрес: ул. Кунаева 1, оф. 205а. Свидетельство о регистрации в Министерстве юстиции №16244-Г.
Выходит еженедельно. Отпечатано в типографии АО "Алматы-Болашак": г. Алматы, ул. Муканова 223в, тел.: 378-42-00. Тираж - 3000 экз.

Разработка сайта