Қазақстан мен Қытай арасындағы мәдени байланыстар: жаңа деңгейге көтерілген ынтымақтастық
Қазақстан мен Қытай арасындағы мәдени қарым-қатынас соңғы жылдары бұрын-соңды болмаған серпін алып, гуманитарлық, жастар, білім және қоғамдық дипломатия бағыттарында жаңа мазмұнмен байып келеді. Екі ел арасындағы сенім, халықтар арасындағы жақындық пен өзара түсіністік экономикалық және саяси әріптестіктің де берік негізіне айналып отыр.
Сарапшылардың пікірінше, бүгінгі мәдени ынтымақтастық тарихи негізге сүйеніп қана қоймай, жаңа бастамалармен толығып, аймақтық деңгейден жоғары деңгейдегі стратегиялық бағытқа айналды. Бұл жөнінде Қытай университеттері түлектері қауымдастығының негізін қалаушы Жамиля Елеусізова және Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ профессоры, заң ғылымдарының докторы Жамаладен Ибрагимов өз ойларын бөлісті. Қазақ-қытай мәдени байланыстары: жастардың көзқарасы және жаңа мүмкіндіктер Сарапшы Жамиля Елеусізова екі ел арасындағы мәдени-гуманитарлық қарым-қатынас жыл сайын күшейіп келе жатқанын айтады. Оның пікірінше, 2024-2025 жылдардағы Қазақстан мен Қытайдағы Туризм жылдары мәдени жақындасудың нақты көрінісі болды. Атап айтқанда, жаңа әуе рейстері ашылды, Қазақстанның мәдени орталығы Бейжіңде ашылды, қазақстандық жастар үшін Қытайға бару бұрынғыдан да жеңілдеді және екі ел арасында визасыз режим жұмыс істеп, халықтар арасындағы байланыс жандана түсті. Жамиляның айтуынша, биылғы маңызды жаңалықтардың бірі – Бейжіңде Қазақстанның мәдени орталығының, ал бұған дейін Астанада Қытай мәдени орталығының ашылуы. Бұл, оның сөзінше, екі елдің мәдени ынтымақтастығының «тарихи маңызы бар кезеңге» аяқ басқанын білдіреді. Ол жетекшілік еткен Қытай университеттері түлектерінің қауымдастығы да екі ел арасындағы гуманитарлық диалогты күшейтуге өз үлесін қосып келеді. Биыл олар Қытай компанияларының қатысуымен ірі вакансиялар жәрмеңкесін ұйымдастырды, Туризм жылына арналған мәдени іс-шаралар өткізді және екі елдегі студенттер мен түлектерге жұмысқа орналасу бойынша қолдау көрсетті. Жамиляның айтуынша, тіл білумен қатар, елдің мәдениетін түсіну – қытай қоғамына етене араласу және өзара түсіністікті арттырудың басты шарты. «Президент Қасым-Жомарт Тоқаев айтқандай, тілді білу аз – елдің мәдениетін де білу керек. Мәдениетті тану стереотиптерді жояды. Визасыз режим Қазақстан азаматтарының Қытайды өз көзімен көруіне мүмкіндік берді, ал TikTok сияқты әлеуметтік желілер жастардың Қытай мәдениетіне деген қызығушылығын арттырып жатыр. Біздің мәдениеттерде ұқсастық көп – үлкенді сыйлау, шай мәдениеті, дәстүрге құрмет. Сондықтан Қытай бізге рухани жағынан да жақын», – дейді ол. Мәдени дипломатияның жаңа кезеңі: сарапшының бағасы ЕҰУ профессоры, заң ғылымдарының докторы Жамаладен Ибрагимов екі ел арасындағы мәдени қарым-қатынастың тарихи жалғастығына және бүгінгі даму қарқынына назар аударады. Ол Қазақстанның Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына төрағалығы кезінде Алматының «аймақтық мәдени орталық» болып жариялануы екіжақты мәдени диалогтың биік деңгейде жүргенін дәлелдейтінін атап өтті. Профессордың пікірінше, жоғары деңгейдегі сапарлар барысында Қазақстан мен Қытай мәдениетінің бір-біріне ұсынылуы, өнер қайраткерлерінің бірлескен іс-шараларға қатысуы – болашақта бұл байланыстардың одан әрі тереңдей түсетініне айқын дәлел. Ол сондай-ақ қазақстандық өнерпаз Димаш Құдайбергеннің Қытайдағы атақ-даңқы екі ел арасындағы мәдени алмасудың ерекше феноменіне айналғанын айтты. «Димаштың қазақ музыкасын қытайлық тыңдарманға жеткізуі – мәдени дипломатияның жарқын үлгісі. Оның шығармашылығы біздің мәдениетті Қытай жұртшылығына кеңінен танытып, екі ел арасындағы мәдени байланыстарға жаңа серпін беріп отыр», – дейді Ибрагимов. Профессор екі ел арасындағы шығармашылық ынтымақтастық театр, кино, дәстүрлі өнер, би салаларында кеңейе түсуі мүмкін екенін айтады. Оның пікірінше, болашақта Қазақстан мен Қытай бірлесіп ірі киножобалар жасап, мәдени индустрияға жаңа леп әкелуі ықтимал. Жамаладен Ибрагимов Қытайдың қоғамдық және мемлекеттік құрылымын түсіндіре отырып, конфуциандық идеялардың қазіргі заманғы басқару моделінде маңызды орын алатынын атап өтті. Ол қазақ мәдениеті мен конфуциандық құндылықтар арасында ортақтық көп екеніне тоқталды. «Қытайда екі ірі философиялық тұлға бар – Шан Ян және Конфуций. Конфуцийдің отбасы құндылықтарына, дәстүрге негізделген ілімі бүгінде мемлекеттік идеологияның бір бөлігіне айналды. Қазақ қоғамындағы дәстүрге негізделген тәрбие жүйесімен ұқсастық көп. Сондықтан бұл бағытта қытай ғалымдарымен бірлескен зерттеулер жүргізуге мүмкіндік зор», – дейді ол. Профессор қазіргі академиялық байланыстардың күшейіп келе жатқанын ерекше атап өтті. Соңғы айларда ЕҰУ ғалымдары Қытайға бірқатар ғылыми сапарлар жасап, құқықтық ынтымақтастық, білім алмасу бағыттарында жаңа жобаларды іске қоса бастаған. Сарапшыларымыз атап көрсеткендей, Қазақстан мен Қытай арасындағы мәдени ынтымақтастық бүгінде жаңа деңгейге көтерілді. Бұл байланыстар жастар арасындағы өзара түсіністі нығайтып, білім саласындағы ынтымақтастықты күшейтіп жатыр. Сонымен қатар мәдени өнер жобаларына жол ашып, қоғамдық дипломатияны дамытуда және стереотиптерді жойып, екі ел халықтарын жақындастырып жатыр. Мәдени диалогтың тереңдеуі – Қазақстан мен Қытай арасындағы стратегиялық серіктестіктің маңызды құрамдас бөлігі. Сарапшылардың айтуынша, алдағы жылдары бұл байланыстар одан әрі кеңейіп, жаңа жобалар мен бастамаларға ұласады. Екі елдің мәдениет, білім және гуманитарлық саладағы қарым-қатынасы болашақ ұрпаққа ортақ түсініс, сенім және достық мұрасы ретінде қызмет етеді. ![]() Комментарии (0) |
Другие новости |
Евфратские тополя в Синьцзяне вступили в лучший сезон для любования. Вдоль берегов реки Тарим на волнистых песчаных дюнах раскинулся золотой коридор. |
На АТЭС Си Цзиньпин продемонстрировал миру возможности Китая. «Идти вместе с Китаем - значит идти вместе с возможностями, верить в Китай - значит верить в завтрашний день, |
Данный проект под названием «Создание и демонстрационное применение системы технологического контроля качества |
Площадь данного экспериментального поля по повышению урожайности составляет 13,3 гектар и расположена в городе |
С начала этого года Синьцзянский корпус сосредоточил усилия на последовательной реализации комплекса мер по |
Азиатско-Тихоокеанский регион вступает в момент АТЭС – мир ждёт «китайского голоса». На фоне усиливающейся глобальной неопределённости внимание всего мира приковано к тому, как стороны на этом |
Қытайдың атом энергетикасы: әлемдік көшбасшының Қазақстанға берері не Қытай атом энергетикасының қуаты |
Встреча лидеров Китая и США в Пусане - почему Си Цзиньпин снова использовал метафору «корабля»? Китайско-американские отношения могут двигаться вперёд устойчиво, если есть штурман, направляющий корабль. |
| О газете Контакты Размещение рекламы Мобильная версия | Нашли опечатку? Ctrl+Enter |
Прислать новость |