Қазақстан–Қытай ынтымақтастығы: екіжақты серіктестік пен қоғам тәжірибесі
Қазақстан мен Қытай арасындағы стратегиялық ынтымақтастық соңғы жылдары айтарлықтай нығайып, саяси, әлеуметтік және экономикалық өзара іс-қимыл жаңа деңгейге көтерілді. Екі ел арасындағы визасыз режим, мәдени-гуманитарлық байланыстардың артуы және технологиялық серіктестік өңірлік дамудың өзегіне айналып отыр. Осы орайда «AMANAT» партиясының Қоғамдық саясат институты өкілдерінің Қытай Халық Республикасына жасаған сапары екіжақты тәжірибе алмасуға, партиялық менеджмент пен инновациялық тәсілдерді зерттеуге маңызды мүмкіндік берді. Саяси талдау бөлімінің жетекшісі Медет Өмірзақов бұл сапарда Қытайдың мемлекеттік басқару үлгісі, цифрландыру, жасанды интеллект, экологиялық саясат және қоғамдық тәртіпті ұйымдастыру тәжірибесімен жақын танысып, көрген-білгенін жан-жақты талдап берді.
«AMANAT» партиясының Қоғамдық саясат институтында саяси талдау бөлімінің жетекшісі Медет Өмірзақов мамандығы бойынша әлеуметтанушы, бұл салада он жылға жуық кәсіби тәжірисі бар. Қытаймен алғашқы байланыстар және екі ел азаматтарының өзара қызығушылығы «Менің негізгі бағытым – саяси әлеуметтану, қоғамдық пікірді зерттеу және мемлекеттік саясаттағы үрдістерді талдау», - деді ол. Оның айтуынша, Қытаймен алғашқы жеке байланысы бұрындары тек жанама сипатта болған. «Теледидар, мектептегі сабақтар, қытай мәдениеті мен фильмдері. Бала кезде Джеки Чанның фильмдерін көріп өстік. Соңғы жылдары Қазақстан мен Қытай арасындағы ынтымақтастық жаңа деңгейге көтерілді. Туризм, бизнес, білім, медицина салалары бойынша байланыс өте күшейді. Әсіресе визасыз режим екі ел арасындағы қозғалысты айтарлықтай арттырды. Халықтың Қытайға деген қызығушылығы да өсті. Тіпті өткен жылы Алматы облысында саяхаттап жүргенімде Қытайдан келген туристермен танысып, бірнеше күн бірге жүріп аралағанбыз. Өте мәдениетті, сыпайы, ашық адамдар екен деген әсер қалды», - дейді ол. Медет Өмірзақов атағандай, қытайлықтарға Қазақстанның табиғат қатты ұнаған. «Әсіресе Шарын шатқалы, Қайыңды. Ол жерлерді қытайлық достарымызбен атпен араладық. 2025 жылдың қараша айындағы сапарымыз – Қытай Коммунистік партиясы ұйымдастырған «Орталық Азия – Қытай» саяси партиялар диалогының II отырысы аясында өтті. Бұл – менің Қытайға екінші сапарым. Алғаш рет 2019 жылы жастар саясаты бойынша делегация құрамында барғанмын.Биылғы сапар өте жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Алғашқы күні Бейжіңнің Дунчэн ауданында болып, партиялық құрылыс және жергілікті қауымдастықтарды басқару жүйесімен таныстық. Сол күні Коммунистік партияның ұйымдастыру бөлімінің басшылығымен кездестік», - деді әлеуметтанушы. Ол атағандай, келесі күні роботтар мен автономды көлік көрмесін аралаған. «Делегациямен бірге жүргізушісіз автобусты арнайы сынақ бағытымен жүріп өттік. Бұрын тек экраннан көретін технологияны көзбен көріп, өзіміз мініп көру – ерекше әсер.Цюйфу қаласында Конфуций ғибадатханасы мен мұражайында болдық. Өте үлкен тарихи кешен. Экскурсия барысында Конфуций ілімінің Абай ілімімен үндестігін байқадым.Екі ойшыл да адамды кемелдендіруге, білім мен моральды жоғары қоюға шақырады. Бұл идеялар қазіргі заман үшін де өте өзекті.Сол күні делегация құрамында ҚКП Орталық Комитетінің ХХ шақырылымдағы IV Пленумының мазмұнына арналған конференцияға да қатыстық», - дейді Медет Өмірзақов. Сондай-ақ ол сапар барысында Лицуньхэ саябағына барған. «Бұрындары қараусыз қалған нысан болса, бүгінде экологиялық жағынан үлгілі, тазалығы сақталған қоғамдық орынға айналған. Бұл Қытайдың соңғы жылдары экологияға айрықша мән беріп отырғанын көрсетеді.Сапардың соңғы күні «Орталық Азия – Қытай» саяси партиялар диалогының II отырысына қатыстық. Онда біздің делегация атынан партия хатшысы Ержан Жылқыбаев сөз сөйледі.Қорытындылай айтқанда, біз партиялық менеджмент, цифрландыру, автономды көлік, жасанды интеллект, экологиялық саясат секілді бағыттар бойынша тәжірибе алмастық. Қытай тарапы кадр даярлау жүйесі, өңірлік даму модельдері, партия мен қоғам арасындағы байланысты басқару тәжірибесімен ашық бөлісті. Бұл – болашақ ынтымақтастық үшін маңызды алаң»,- дейді Медет Өмірзақов. Қытай қоғамының әлеуметтанулық ерекшеліктері: еңбекқорлық, тәртіп және инновацияға ашықтық Сонымен қатар ол әлеуметтанушы көзқарасымен қарағанда, Қытай қоғамында бірнеше ерекшелік бар екенін жеткізді. « «Біріншіден, еңбек мәдениеті өте жоғары. Қытай экономикасының жылдам дамуының басты себептерінің бірі – халықтың еңбекқорлығы.Екіншіден, қоғамдық тәртіп пен ұжымдық сана. Бұл – үлкен қалаларда өмірді жүйелі ұйымдастыруға, тұрғындардың ортақ мақсатқа жұмылуына әсер ететін құбылыс.Үшіншіден, инновацияға ашықтық. Қазіргі жаңа технологиялардың басым бөлігі Қытайда жасалып жатыр және қоғам оларды тез қабылдайды. Мысалы, ең қарапайым ғана WeChat – байланыс, төлем, қызмет көрсету жүйесін бір жерге біріктірген өте ыңғайлы экожүйе.Төртіншіден, білімге құштарлық. Жас буыннан бастап ересектерге дейін үздіксіз оқуға, өзін дамытуға мән береді. Бұл – елдің адами капиталын күшейтеді», - деді әлеуметтанушы. Оған қоса, маман Қытайдың электромобильдеріне қатысты пікірін айтты. «Қытайда электромобильдер өте көп. Жолда жасыл нөмірлі көліктердің жиі кездесетіні бірден байқалады. Сонымен қатар мопед, скутер, велосипед секілді экологиялық көліктер де кең таралған.Үлкен қалалардың халқы көп болғанымен, көлік кептелісінің аса байқалмауы қала кеңістігінің өте сауатты ұйымдастырылғанын көрсетеді.Қытай автокөлік индустриясы бүгінде әлемдік бәсекеде алдыңғы орынға шығып келеді. Негізгі себебі – сапалы, заманауи көліктің халыққа қолжетімді болуы.Мен өзім көлік мінбесем де, таныстарым мен айналамда қытайлық брендтерді (Lifan, BYD, Haval, Chery, FAW, т.б.) мінетін адамдар өте көп екенін байқаймын. Бұл – олардың нарықтағы сенімін арттырғанының белгісі», - деді спикер. Комментарии (0) |
Другие новости |
«Красивая экономика» набирает обороты: цветы из Хоргоса успешно продаются по всему Синьцзяну. 15 января, войдя в теплицы цветочно-питомникового индустриального парка «Цинцюань», ощущаешь насыщенный аромат |
На автомобильном погранпереходе Хоргос ежедневно наблюдается большое количество китайских и иностранных туристов, |
В 2025 году через КПП Хоргос было экспортировано 450 тыс. автомобилей В частности, NEV-автомобили, которые пользуются широкой популярностью в пяти странах Центральной Азии и России, |
В лютые зимние дни поток туристов в Синьцзянском международном большом базаре не уменьшается. |
В прошлом году регион, на территории которого действуют 19 сухопутных портов, принял ряд мер, направленных на |
Озеро Баграшколь в Синьцзяне: радость людей и бурное движение рыбы - в разгаре зимний лов. С раздачей громких криков при подъёме сети рыбаки сообща выбирали снасти, и огромная сеть медленно выходила из |
Си Цзиньпин на протяжении более десяти лет неоднократно обращался к этой притче. После завершения церемонии Си Цзиньпин выступил с речью перед дипломатами. Говоря о том, «каким является |
Лосось попал на столы жителей Кашгара в Синьцзяне. Как город, удалённый от моря, Кашгар ранее полагался на импортного лосося для удовлетворения рыночного спроса. |
| О газете Контакты Размещение рекламы Мобильная версия | Нашли опечатку? Ctrl+Enter |
Прислать новость |