Қазақстан мен Қытай: Су ресурстары саласындағы жаңа әріптестік кезеңі

Қазақстан мен Қытайдың су саласындағы серіктестігі соңғы жылдары ерекше маңызға ие болып отыр. Екі елді байланыстырып тұрған Іле мен Ертіс өзендері — тек экожүйелік маңызға ие табиғи арналар емес, сонымен қатар екіжақты экономикалық және геосаяси ынтымақтастықтың басты нүктесі.
Соңғы жылдары климаттың өзгеруі, шекаралас өңірлердегі халық санының өсуі мен ауыл шаруашылығының кеңеюі су ресурстарының тапшылығын арттырып, бұл мәселені мемлекетаралық деңгейде шешуді қажет етті.

Меморандумнан нақты жобаларға...

2025 жылдың наурыз айында Қазақстанның Су ресурстары және ирригация министрлігі мен Қытайдың Су шаруашылығы министрлігі су саласындағы ынтымақтастық туралы алғашқы өзара түсіністік меморандумына қол қойды.
Құжат рационалды және тұрақты су пайдалану, заманауи технологиялар енгізу, ғылыми деректер алмасу мен мамандар даярлау бағыттарын қамтиды.
Бұл – екі ел тарихында су ресурстары бойынша қол қойылған алғашқы ресми меморандум.
Су ресурстары министрлігінің мәліметінше, құжат су балансы, өзен ағынын бөлу, су сапасын бақылау және апатты жағдайлардың алдын алу салаларында нақты тетіктер қалыптастырады.
«Меморандумның басты мақсаты – су ресурстарын тиімді пайдалану арқылы экономикалық тұрақтылық пен экологиялық қауіпсіздікті қатар қамтамасыз ету. Бұл келісім трансшекаралық өзендер бойынша өзара сенім мен ашықтықты арттыруға мүмкіндік береді», - деп мәлімдеді министрлік.
2025 жылдың алғашқы жартыжылдығында Қытайдан Қазақстанға трансшекаралық өзендер арқылы 10,2 млрд текше метр су жеткізілген. Оның ішінде:
-Іле өзені – 5,6 млрд текше метр,
-Ертіс өзені – 4,6 млрд текше метр.
Бұл көрсеткіштердің нәтижесінде Қапшағай су қоймасы толып, Балқаш көліне тұрақты су ағымы қамтамасыз етілді. Мамандардың пікірінше, мұндай динамика соңғы бес жылдағы ең жоғары көрсеткіштердің бірі болып саналады.

Су саласында да заманауи технология
Қазақстандағы энергетика және су шаруашылығы салаларындағы инвестициялық жобаларға POWERCHINA компаниясының қатысу аясын кеңейту мәселелері жақында ғана талқыланды. Әңгіме гидроаккумуляциялық электр стансаларын, жаңартылатын энергия көздері нысандарын және тазарту құрылыстарын салу жобалары жөнінде болып отыр.
Сыртқы істер министрлігінің Инвестициялар комитетінің төрағасы Ғабидолла Оспанқұлов POWERCHINA компаниясымен ынтымақтастық елдің орнықты дамуына ықпал ететін ауқымды инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруға жаңа мүмкіндіктер ашатынын атап өтті.
«Біз POWERCHINA қатысатын жобаларды энергетика секторын жаңғыртудың маңызды бөлігі деп санаймыз. Корпорацияның ауқымды инфрақұрылымдық шешімдерді іске асырудағы тәжірибесі зор, сондықтан мұндай бастамаларды табысты жүзеге асыру үшін жан-жақты қолдау көрсетуге дайынбыз», – деді ол.
POWERCHINA вице-президенті Чэнь Гуаньфу компанияның ұзақ мерзімді серіктестікке дайын екенін атап өтіп, Қазақстанды Орталық Азиядағы жобаларды дамыту үшін стратегиялық бағыт ретінде қарастыратынын жеткізді.
«Компаниямыз Қазақстанда жаңартылатын энергетика және су ресурстарын басқару саласында толық шешімдер циклін құру мүмкіндігін қарастырып отыр», – деді ол.
Айта кетсек, POWERCHINA – әлемнің 130 елінде жобаларды жүзеге асырып жатқан Қытайдың ең ірі энергетикалық және құрылыс корпорацияларының бірі. Компания гидро және жылу электр станцияларының, жаңартылатын энергия нысандарының, көлік және қалалық инфрақұрылымның, сондай-ақ су шаруашылығы саласының құрылысы бойынша жетекші орынға ие.

Қазақ-қытай: Білім су саласын дамытуға қалай әсер етпек?
Сонымен қатар Су ресурстары және ирригация министрлігінің қытайлық POWERCHINA компаниясымен ынтымақтастығы аясында қазақстандық су мамандары Қытайда біліктіліктерін арттырып жатыр. Атап айтқанда, елдеріміз қазақстандық су шаруашылығы мамандары үшін Қытайда оқыту семинарларын өткізуге келісті.
2025 жылы Қытайда су шаруашылығы саласында 121 қазақстандық маман оқып жатыр. 2026 жылы бұл көрсеткіш 200 адамға дейін ұлғаяды.
Бағдарламалар Қытай үкіметінің гранты арқылы қаржыландырылып, оқу барысында студенттер гидрология, су ресурстарын басқару және цифрлық экожүйелермен жұмыс істеу бойынша білім алады.
Мұндай тәжірибе алмасу жобалары Қазақстандағы жаңа буын су мамандарын қалыптастыруға және саланың заманауи басқару жүйесіне көшуіне ықпал етпек.
Мамандар бұл шаралар тек техникалық емес, сонымен қатар сенім мен ашықтықты нығайтудың құралы деп есептейді.
Су ресурстары және ирригация министрлігі мен Қытай Халық Республикасы арасындағы ынтымақтастық меморандумы аясында біліктілікті арттыру курстары өтіп жатыр. Бұл оқу бағдарламасына қатысқан «Қазсушар» РМК ШҚО филиалы мамандарының бірі Дилара Жанболатова Қытайда алған білімі жайлы пікірін білдірді.
«Қытайдағы оқу мен үшін өте құнды тәжірибе болды, әсіресе далаға шығу іс-шаралары ерекше әсер қалдырды. Мысалы, Вянчжоу қаласындағы су қоймасы жобасы — ауқымды әрі мұқият ойластырылған нысан. Сондай-ақ біз жоғары деңгейде автоматтандырылған заманауи жеке нысандарды да араладық. Жалпы алғанда, қытайлық әріптестердің технологиялық жетістіктері мен табиғатқа ұқыпты көзқарасы ерекше байқалады», – дейді Дилара Жанболатова.
Оның сөзінше, курста мамандар су ресурстарын басқарудағы жаңа технологиялармен танысып, әр елдің тәжірибесін салыстыруға мүмкіндік алған. Әсіресе, автоматтандырылған мониторинг жүйелері мен су экожүйесін қалпына келтіру әдістері сала мамандары үшін пайдалы болған.
Дилара Жанболатова мамандар су тасқындарының алдын алу, судың ластануын бақылау, су экожүйесін қалпына келтіру, су ресурстарын жоспарлау мен басқару, сондай-ақ заманауи автоматтандырылған мониторинг жүйелерін енгізу тәжірибелерімен таныстқан.
Қорытындылай келгенде, Қазақстан мен Қытайдың су саласындағы ынтымақтастығы – өңірлік экологиялық және экономикалық теңгерімді сақтаудың маңызды құралына айналып келеді. Бұл бағыттағы жобалар – тек су жайлы емес, екі мемлекеттің тұрақты болашағы туралы келісім.

Комментарии (0)

Оставить комментарий




Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Другие новости

Читать все новости

Количество поездов Китай-Европа/Центральная Азия, прошедших через КПП Хоргос с начала 2025 года, превысило 9 тыс.

23 ноября количество поездов Китай-Европа/Центральная Азия, прошедших через ж/д КПП Хоргос с начала 2025 года,

В Хоргосе открылся молодежный фестиваль искусств "Синьцзян-Центральная Азия"

В 3-дневном мероприятии принимают участие более 100 представителей молодежи Китая, Казахстана, Узбекистана,

Сельскохозяйственная отрасль Хоргоса исполняет зимнюю «песню увеличения дохода».

В начале зимы земля Хоргоса пронизана холодом, трава и деревья увядают, но в теплицах базы по выращиванию цветов и

«Модель фермы Гучун» возглавляет революцию производства кукурузы в Китае

Это стало возможным благодаря мощной поддержке технологии плотной посадки кукурузы и точного регулирования высокой

Делегация австралийских туроператоров посетила Кашгар в Синьцзяне.

Первым пунктом маршрута делегации стал Старый город Кашгара

В Урумчи открылся Тяньшаньский форум по экономическому сотрудничеству в Центральной Азии

Форум, озаглавленный "Содействие взаимосвязанности и высвобождение инвестиционного потенциала", призван создать

Синьцзянский производственно-строительный корпус: значительные результаты строительства зоны свободной торговой

За два года из 89 задач по пилотным реформам СПСК на практике реализованы и достигли промежуточных результатов 73

Международный аэропорт Инин станет третьим постоянным международным авиационным пунктом пропуска Синьцзяна

После введения программы постоянного международного открытия международный аэропорт Инин оставит режим временного

О газете Контакты Размещение рекламы Мобильная версия Нашли опечатку?
Ctrl+Enter
Прислать новость

Учредитель: ОФ "Международная академия культурного и экономического сотрудничества "Новый Шелковый путь". Ответственный редактор: Дауров Хусей.

Мнение автора не отражает позицию редакции. Наш адрес: ул. Кунаева 1, оф. 205а. Свидетельство о регистрации в Министерстве юстиции №16244-Г.
Выходит еженедельно. Отпечатано в типографии АО "Алматы-Болашак": г. Алматы, ул. Муканова 223в, тел.: 378-42-00. Тираж - 3000 экз.

Разработка сайта