Қазақстан мен Қытай ынтымақтастығы: жасанды интеллект саласындағы даму мүмкіндігі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы Жолдауында жасанды интеллектіні дамытуға аса зор мән берді. Оны транзиттік қарым-қатынас, цифрлық қала жасақтау және әскери салада кеңінен пайдалану қажеттігін айтты.
Осы қызметтерді атқару үшін президент жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігін қүруды да тапсырды.
Президент Жолдауындағы жасанды интеллекттің рөлі
Тоқаев жолдауда жақында Қытайға барған сапарында әлемнің жетекші компанияларымен құны миллиардтаған қаржы тұратын келісімдер жасалғанын айтты.
«Шэньчжэнь жаһандық технополисін салуға қатысқан сондай компанияның бірі енді Alatau City жобасын жүзеге асыруға тікелей атсалысады.Келесі қадам – Alatau City-дің мықты институционалдық негіздерін қалыптастыру.Қаланы ел Үкіметіне тікелей бағынатындай етіп, оған арнайы мәртебе беру туралы Жарлықты он күн ішінде әзірлеу керек.Содан кейін жарты жылдан асырмай, жеке заң қабылдау қажет. Құжатта қаланы басқару режимі, оның қаржылық моделі және басқа да маңызды мәселелер қамтылуға тиіс.Alatau City аймақтағы толық цифрланған алғашқы қалаға айналуға тиіс. Мұнда Smart City технологияларын қолданудан бастап тауарлар мен қызмет ақысын криптовалютамен төлеуге дейінгі жаңалықтың барлығы енгізілуі керек», - деді ол.
Ел президентінің Қытайды атап өтуі бекер емес. Әлем бойынша жасанды интеллект арқылы өзіне тән өнімді шығарып отырған елдердің бірден-бірі - Қытай.
Қытай – жасанды интеллект көшбасшысы
Қытай жасанды интеллект саласын стратегиялық басымдық ретінде айқындап, 2017 жылдан бастап ұлттық даму жоспарларына енгізді. Мемлекет тарапынан жасалған қолдау бағдарламалары нәтижесінде Қытай қысқа мерзім ішінде әлемдік көшбасшылардың біріне айналды. Елде ірі зерттеу орталықтары мен университеттер, сондай-ақ мыңдаған стартап AI технологияларын дамытуға жұмылдырылған.
Қытайдың жасанды интеллект саласы тек ғылыми зерттеулермен ғана шектелмейді, ол нақты өндірісте, медицинада, ауыл шаруашылығында, көлік пен қаржы секторында кеңінен қолданылып келеді. Мәселен, ауруханаларда диагноз қоюды жеңілдететін интеллектуалды жүйелер іске қосылса, өндірісте автоматтандырылған роботтар өнімділікті еселеп арттырып отыр.
Қытайдың өзіндік әлеуметтік желілері мен онлайн-платформалары жасанды интеллектіні кеңінен пайдалануға мүмкіндік береді. WeChat, Weibo, Douyin секілді платформаларда AI алгоритмдері пайдаланушылардың қызығушылығына сай контент ұсынып, жарнаманы тиімді жеткізуді қамтамасыз етеді.
Сонымен бірге, қытайлық іздеу жүйелері мен электронды сауда алаңдары – Baidu, Alibaba, JD.com – жасанды интеллектіні деректерді талдауда, клиенттермен байланыс жасауда, смарт-логистикада қолданып отыр. Бұл тәжірибелер Қытайды цифрлық экономиканың ең ірі нарығына айналдырды.
Қытай робототехника саласында да алдыңғы қатарда. Өндірістік зауыттарда автоматтандырылған роботтар, қызмет көрсету саласында интеллектуалды ассистенттер, тіпті білім беру мен медицинада да смарт-роботтар кеңінен қолданылады. Жыл сайын Шанхай мен Шэньчжэньде өтетін технологиялық көрмелерде жаңа үлгідегі адамға ұқсас роботтар мен жасанды интеллектке негізделген инновациялар таныстырылады.
Қытайдың робот жасауға деген ұмтылысы тек ішкі нарықты қамтамасыз ету үшін ғана емес, сонымен бірге әлемдік экспорт нарығына шығуды көздейді. Бұл бағытта елдің озық технологиялы мемлекет ретінде орны айқындалып келеді.
Білім саласындағы жасанды интеллекті ынтымақтастығының болашағы
2024 жылдың қыркүйек айында Қытайдың ЖИ индустриясының негізгі нарығы 600 миллиард юаньға жетіп, оған 4 500-ден астам компания тартылған. 2035 жылға қарай бұл көрсеткіш 1,7 трлн юаньға дейін өсіп, жылдық орташа өсім 15,6%-ды құрайды деп болжанып отыр.
ЖИ-дың ең перспективалы қолдану салаларының бірі – қарттарды күту қызметтері. 2035 жылға қарай Қытайдағы егде жастағы халық саны 400 миллионнан асады, бұл саладағы ЖИ шешімдеріне сұранысты арттырады. Ақылды қоңырау құрылғылары, дербестендірілген денсаулық сақтау жүйелері және күтім көрсету роботтары осы бағытта дамып келеді. Қазіргі уақытта интеллектуалды күтім роботтары нарығының көлемі 2024 жылы 30 миллиард юаньнан асып, 2035 жылға қарай 1 трлн юаньға жетуі мүмкін.
Қазақстан жасанды интеллекті саласында Қытай университеттерінің білім жүйесінен ынтымақтастықты дамытуға мүдделі. Оған дәлел Мемлекет басшысының Қытай Халық Республикасына жасаған ресми сапары аясында Қазақстан - Қытай Іскерлік кеңесінің алаңында еліміздің жетекші жоғары оқу орындары мен Қытайдың беделді университеттері 20-дан астам маңызды құжатқа қол қойылды.

Бұл келісімдер білім беру, ғылым және инновациялар саласындағы серіктестікті кеңейтуге, сондай-ақ екі ел арасындағы стратегиялық әріптестікті жаңа деңгейге көтеруге бағытталған.

Атап айтқанда, Абай атындағы қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Тяньцзинь педагогикалық университеті, Чжэцзян технологиялық университеті және Zhejiang Zhonghe Technology Co., Ltd. компаниясы арасында кеңістік-уақыт жасанды интеллектісі Қазақстан-Қытай ғылыми-технологиялық альянсын құру және «Бір белдеу - бір жол» бірлескен зертханасын ашу туралы келісім жасалды. Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті атынан келісімге академиялық қызмет жөніндегі проректор Бану Нарбекова қол қойды.
Елімізде әлеуметтік салада жасанды интеллектіні қолдану мемлекеттік деңгейде талқыланып жатыр, Ғылыми қызметкер, сарапшы Мадина Тыныбекова CHATGPT-ді білім беруде пайдалану мәселесі жайлы айтты.
«Егер мұғалімдер өз жұмысында жасанды интеллектіні қолданса, балалармен жұмысты жүргізу, ұйымдастыруға уақыт кеңейе түседі. Сондықтан оқу үрдісінде жасанды интеллектіні қолдану мәселесін қарастыру керек. Біз педагогиканы жасанды интеллекті қолдану арқылы дағдыалунымыз керек», - дейді сарапшы.
Президент өз жолдауында қашықтан оқыту тәсілі және жасанды интеллект технологиясы негізінде «Qazaq Digital Mektebi» атты шағын жинақты мектеп үлгісін әзірлеу қажеттігін айтты.
Қытай бүгінде білім саласын түбегейлі өзгертудің жолына түсті. Ел билігі білімді цифрландыруды стратегиялық бағыт ретінде қабылдап, оны ұлттық даму бағдарламаларына енгізді. Соның нәтижесінде дәстүрлі мектеп форматы жаңа «digital мектептерге» орын бере бастады.
Алғаш рет бұл серпіліс COVID-19 пандемиясы кезінде айқын көрінді. Ел көлемінде мектептер жабылғанда, Қытай Білім министрлігі қысқа уақыт ішінде Ұлттық бұлтты оқу платформасын (National Cloud Learning Platform) іске қосты. Тек бірнеше күннің ішінде 50 миллионнан астам оқушы онлайн сабақтарға қосылды. Бұл – бұрын-соңды болмаған ауқымдағы цифрлық білім тәжірибесі еді.
«Мемлекет басшысы жолдауында «Qazaq Digital Mektebi» құруды тапсырды. Біз педагогтерді оқыта аламыз, алайда мектеп директорларын оқытпайынша, жасанды интеллекті саласында ілгерілеу болмайды. Сондықтан цифрлық салада педагогтерге арналған жүйелік бағдарлама қажетә, - дейді Тынымбекова.

Комментарии (0)

Оставить комментарий




Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Другие новости

Читать все новости

Евфратские тополя в Синьцзяне вступили в лучший сезон для любования.

Вдоль берегов реки Тарим на волнистых песчаных дюнах раскинулся золотой коридор.

На АТЭС Си Цзиньпин продемонстрировал миру возможности Китая.

«Идти вместе с Китаем - значит идти вместе с возможностями, верить в Китай - значит верить в завтрашний день,

Один из проектов Синьцзянского производственно-строительного корпуса заполнил пробел в отечественной отрасли Китая.

Данный проект под названием «Создание и демонстрационное применение системы технологического контроля качества

Синьцзянский производственно-строительный корпус: экспериментальное поле по повышению урожайности установило рекорд Китая по урожайности хлопка.

Площадь данного экспериментального поля по повышению урожайности составляет 13,3 гектар и расположена в городе

За первые три квартала 2025 года экономика Синьцзянского производственно-строительного корпуса сохраняет устойчиво положительную динамику.

С начала этого года Синьцзянский корпус сосредоточил усилия на последовательной реализации комплекса мер по

Азиатско-Тихоокеанский регион вступает в момент АТЭС – мир ждёт «китайского голоса».

На фоне усиливающейся глобальной неопределённости внимание всего мира приковано к тому, как стороны на этом

Встреча лидеров Китая и США в Пусане - почему Си Цзиньпин снова использовал метафору «корабля»?

Китайско-американские отношения могут двигаться вперёд устойчиво, если есть штурман, направляющий корабль.

О газете Контакты Размещение рекламы Мобильная версия Нашли опечатку?
Ctrl+Enter
Прислать новость

Учредитель: ОФ "Международная академия культурного и экономического сотрудничества "Новый Шелковый путь". Ответственный редактор: Дауров Хусей.

Мнение автора не отражает позицию редакции. Наш адрес: ул. Кунаева 1, оф. 205а. Свидетельство о регистрации в Министерстве юстиции №16244-Г.
Выходит еженедельно. Отпечатано в типографии АО "Алматы-Болашак": г. Алматы, ул. Муканова 223в, тел.: 378-42-00. Тираж - 3000 экз.

Разработка сайта