|
Астанада Си Цзиньпин еңбектерінің қазақ тіліндегі төрт томдығы таныстырылды
Назарбаев Университетінде Қытай Төрағасы Си Цзиньпиннің «Ел басқару жөнінде» атты төрт томдық еңбегінің қазақ тіліндегі нұсқасының салтанатты тұсаукесері өтті. Бұл маңызды оқиға Қытай – Орталық Азия екінші саммиті аясында өтіп, Қазақстан мен Қытай арасындағы мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты жаңа деңгейге көтерді.
Шараға ҚКП Орталық комитетінің Насихат бөлімі төрағасының орынбасары Ху Хэпин, ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева, ҚХР-дың Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Хан Чуньлин, Қытайды зерттеу орталығының директоры Шаймергенова Гүлнар Алимовна және басқа да мәртебелі қонақтар қатысты. Ху Хэпин: «Қытай тәжірибесі – адамзат өркениетіне балама жол ұсынады» Қытай делегациясы атынан сөз сөйлеген Ху Хэпин мырза бұл еңбектің халықаралық маңыздылығына ерекше тоқталды: Си Цзиньпиннің «Ел басқару жөнінде» жинағы – Қытайдың саяси философиясы мен жаһандық басқару жөніндегі көзқарасын ашатын маңызды шығарма. Бұл кітап бүгінде 42 тілге аударылып, 180-нен астам ел мен аймақта таралды. Ол – Қытай жолын, теориясын, жүйесін және мәдениетін тануға бағытталған әмбебап терезе». Ол жинақтың қазақ тіліне аударылуы – екі елдің баспа және аударма саласындағы ынтымақтастығының жемісі екенін айтты. Бұл еңбек қазақстандық оқырманға Қытайдың даму тәжірибесін тереңірек түсінуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, Си Цзиньпиннің «халыққа бағытталған даму» қағидаты мен жалпыға ортақ әл-ауқат идеясы – Қытайдың жаңғырудағы басты бағыттары ретінде көрсетілгенін атап өтті. Аида Балаева: «Бұл еңбек – Қытайды терең тануға жол ашатын құнды дереккөз» «Бұл кітап – Қытайдың саяси бағытын, ішкі тұрақтылықты қамтамасыз ету тетіктерін және жаһандық деңгейдегі ұстанымдарын саралауға мүмкіндік беретін маңызды еңбек. Қытай – Қазақстан үшін сенімді дос әрі стратегиялық серіктес. Екі ел арасындағы қарым-қатынас өзара сенім мен достыққа негізделіп отыр», - деп айтты Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева. Министр бұл еңбек қазіргі геосаяси жағдайда ұлттар арасындағы диалог пен серіктестікті арттыратын өзекті құралға айналып отырғанын атап өтті. Хан Чуньлин: «Қытай жолы – өзінің тарихи, мәдени және экономикалық тәжірибесіне сүйенген бірегей модель» Қытай елшісі Хан Чуньлин бұл жинақтың Қытай дамуының терең мазмұнын ашып көрсететін кешенді еңбек екенін айтты. Си Цзиньпиннің «Ел басқару жөнінде» жинағы – ел басқарудың жаңа тәсілдерін, ұлттық қайта өрлеу идеяларын және жаһандық серіктестік тұжырымдарын қамтитын біртұтас философия. Қытай бұл жолда екі үлкен ғажайыпқа қол жеткізді – қарқынды экономикалық даму және ұзақ мерзімді әлеуметтік тұрақтылық», - дейді елші. Ол Қытайдың ЖІӨ-сінің соңғы 70 жылдан астам уақыт ішінде 2000 есеге артқанын, кедейліктен 770 миллион адамның шығарылғанын нақты деректермен келтірді. Бұл – БҰҰ-ның 2030 жылға дейінгі тұрақты даму мақсаттарын мерзімінен бұрын орындаған бірден-бір мысал. Сондай-ақ, Қытай мен Қазақстан арасындағы ынтымақтастық та ерекше атап өтілді. Екі ел арасындағы қарым-қатынас бүгінде сенімді достық пен өзара қолдауға негізделген серіктестікке айналған. Соңғы жылдары екіжақты ынтымақтастық барлық салада серпінді дамып келеді. Бұл байланыстың нығаюына жоғары деңгейдегі саяси диалог пен стратегиялық өзара қолдау ықпал етуде. Қазіргі уақытта әлем елдері жаһандық өзгерістер мен жаңа сын-қатерлермен бетпе-бет келуде. Осындай жағдайда Қытай барлық мемлекеттерді бірге әрекет етіп, тұрақты даму үшін қолайлы орта қалыптастыруға шақырады. Гүлнар Шаймергенова: «Си Цзиньпин еңбектері – заманауи жаһандық диалогтың іргетасы» Қытайды зерттеу орталығының директоры, профессор Гүлнар Шаймергенова өз сөзінде бұл жинақтың тек саяси ғана емес, мәдени және философиялық мән-маңызын да атап өтті. «Бұл еңбек – Қазақстан мен Қытай арасындағы стратегиялық серіктестікті нығайтуға, өзара түсіністік пен сенімді тереңдетуге бағытталған маңызды қадам. Сонымен қатар, бұл – заманауи Қытайды тану және орнықты даму жолдарын түсіну тұрғысынан халықаралық диалогты кеңейтуге мүмкіндік беретін фундаменталды туынды». Шаймергенова ханым атап өткендей, Си Цзиньпиннің еңбектерінде елдің ішкі реформалары мен сыртқы стратегиялары жүйелі түрде баяндалған. Мұнда бейбіт даму, әділ халықаралық тәртіп, мәдени әртүрлілікке құрмет және ортақ өркендеу сияқты қағидалар айқын көрініс табады. Ол сондай-ақ «Бір белдеу, бір жол» бастамасының жаһандық ықпалын атап өтіп, Қазақстан бұл жобаның белсенді қатысушысы екенін айтты. Екі ел арасындағы транспорт, цифрлық және жасыл технологиялар салаларындағы ынтымақтастық өңірлік тұрақтылық пен еуразиялық дамудың өзегіне айналуда. «Қоғамдастықтың ортақ тағдыры» – бұл жай ұран емес, бұл – болашаққа бастар жол. Қазақстан мәдени алмасу, білім беру, экология, және халықаралық қауіпсіздік бағыттарындағы бастамаларды қолдай отырып, осы процесте белсенді рөл атқаруға дайын», – деді Шаймергенова. ҚХР басшысы Си Цзиньпиннің «Ел басқару жөнінде» жинағының қазақ тіліне аударылып, кең аудиторияға ұсынылуы – Қазақстан мен Қытай арасындағы өзара сенімді нығайтатын маңызды мәдени әрі стратегиялық оқиға болды. Бұл еңбек – басқару философиясы ғана емес, халықтар арасындағы диалог пен даму жолындағы ортақ ұмтылыстың символына айналып отыр. Комментарии (0)Китай к концу года получит лунный грунт, в 2020-м исследует Марс, а к 2030 году - Юпитер
24 январь 2019, 16:29 |
![]() |
![]() Другие новости 09:32
За первый квартал объем аграрных инвестиций в Кашгаре, Синьцзян, составил почти 7,2 миллиарда юаней. 11:31
За первый квартал объем аграрных инвестиций в Кашгаре, Синьцзян, составил почти 7,2 миллиарда юаней. |
![]() Международный казахско-китайский языковой центр: открыт бизнес-инкубатор Открытие бизнес-инкубатора прошло под девизом «Выход профессионального образования за рубеж, наделение навыками» |
![]() На конференции были объявлены планы по запуску новых рейсов из первого гражданского аэропорта Чанцзи — аэропорта |
![]() Расширение и повышение качества: адаптивная борьба с опустыниванием |
![]() «Футбольный бум» на Памирском нагорье: народные турниры Синьцзяна выходят в «голубой океан». Футбольный парк в городе Атуш Кызылсу-Кыргызского автономного округа (далее - Кызылсу), вмещающий более 5000 |
![]() Астанада Си Цзиньпин еңбектерінің қазақ тіліндегі төрт томдығы таныстырылды Қытай делегациясы атынан сөз сөйлеген Ху Хэпин мырза бұл еңбектің халықаралық маңыздылығына ерекше тоқталды: |
![]() Астанада Си Цзиньпин еңбектерінің қазақ тіліндегі төрт томдығы таныстырылды Қытай делегациясы атынан сөз сөйлеген Ху Хэпин мырза бұл еңбектің халықаралық маңыздылығына ерекше тоқталды: |
![]() За первый квартал объем аграрных инвестиций в Кашгаре, Синьцзян, составил почти 7,2 миллиарда юаней. С начала года Кашгар последовательно продвигает развитие современной аграрной отрасли, опираясь на индустриальное |
![]() За первый квартал объем аграрных инвестиций в Кашгаре, Синьцзян, составил почти 7,2 миллиарда юаней. С начала года Кашгар последовательно продвигает развитие современной аграрной отрасли, опираясь на индустриальное |
О газете Контакты Размещение рекламы Мобильная версия | Нашли опечатку? Ctrl+Enter |
Прислать новость |