Қазақстандық актриса: Бейжің кино академиясында оқуды армандаймын

Қазақстандық актриса Дильназ Нұрсейіт Қазақстан мен Қытай бірлесіп түсірген «Композитор» фильмінде Бақытжан Байқадамовтың жиенінің рөлін сомдаған болатын. 6 жасында ұлкен экранды өзінің актерлік шеберлігімен бағындырып, көрермендердің ыстық ықыласына бөленген еді.

Қазақстандық актриса: Бейжің кино академиясында оқуды армандаймын


2019 жылы, Дильназ Нұрсейіт 22-ші Шанхай кинофестивалінде «Үздік жаңа есім» аталымында CCTV-6 телеарнасының сыйлығына ие болды
Бұл күнде жас актриса өзінің шеберлігін шыңдап, болашаққа ұлкен жоспарлармен алға қадам басуда.



– жасым 14-ке келді. Қазіргі уақытта өнер мектебінде вокал бойынша дайындаламын. Сондай-ақ, бос уақытымда спортпен шұғылданғады жақсы көремін. Ағылшын тілі мен Қытай тілін қосымша ұйреніп жатырмын, - деді Дильназ.
«Композитор» фильмі менің Қытай мәдениетіне деген қызығушылығымды оятты
Дильназдың айтуынша, ол Алматыдағы кино академиясында жүргенде «Композитор» фильмінің кастингіне қатысқан. Қортындысында, 6 жасар актриса 170 баланың ішінен суырылып алдыға шыққан.



– Киноның түсірілімі мен үшін өте қызық болды. Алғаш рет киноға түсіп жатқандықтан әр тұрлі қыйындықтарда болды. Алайда, түсірілім тобынан айрықша қолдау тауып, өзіме деген сенімім арта түсті, - дейді жас актер.
Оның айтуынша, киноны түсіру барысында және Қытайға сапарынан кейін Қытай мәдениетіне қызыға бастаған. Сол себепті Қытай киноларын көріп, Қытай тілін ұйрене бастаған екен.
Қытайлық режиссерлермен жұмыс барысында тіл жағынан кедергілер болды. Сол кезде актер үшін тіл білудің маңыздылығын сезіндім. Сондай-ақ, кино екі елдің мәдениетіне байланысты болғандықтан Қытай мәдениеті мен тарихынада көз жүгірту керек деп ойлаймын. Өнерде шекара жоқ демекші, Қытай мәдениеті мен үшін жаңа әлем және жаңа мұмкіндіктерге толы болып көрінеді, - дейді Дильназ.
Бейжің кино академиясында оқығым келеді
«Композитор» фильмі прокатқа шыққанан кейін, Дильназ түсірілім тобымен бірге екі рет Қытайға сапарлады. Бұл сапар жас актердің өміріндегі естен кетпес саяхаты еді.
Дильназдың анасының айтуынша, олар Бейжің және Шаңхай қалаларын аралап, айрықша әсер алған.
Қытайдың ең дамыған қалаларына барып, қытайлық өнерпаздармен кездестік. Олар бізді өте жылы қарсы алды. Дильназдың өнерін жоғары бағалады. Біз Шаңхай қаласында «Үздік жаңа есім» номинациясы бойынша жеңімпаз атандық. Біз үшін бұл ұлкен жетістік болды, - деді анасы.
Жас актер Бейжің кино академиясына барған кезін ықыласпен еске алды.
– Ол жердегі атмосфера бөлек әсер берді. Қытайлықтардың өнерге деген құрметі және ыстық ықыласы мені таң қалдырды. Өзімді бейне бір өнердің қайнап жатқан ортасына түскендей сезімде болдым. Сондықтан, осы жерде оқысам қандай керемет деген ой санамда жаңғырып түрды, - дейді Дильназ.
Қытай тілін үйрену мен үшін жаңа мұмкіндік
Дильназдың Қытай тілін үйреніп жүргеніне екі жылға жуық уақыт болған. Бұл күнде ол өз ойын қарапайым тілде жеткізе алады.
–Осы уақыт ішінде мен HSK үшінші деңгейіне жеттім. Қарапайым диалог және күнделікті сөздерді айта аламын. Бастапқыда қыйын сезілді. Себебі, басқа тілге қарағанда Қытай тілінде дыбыстау әр түрлі болады екен. Сонымен қатар Қытай әріптерін жазып жаттау керек. Бұл қыйындықтар маған алдыға жылжуыма қуат берді, болашағыма жаңа мұмкіндіктер сыйлап тұрғандай сезімге бөлейді,- деді ол.
Қытай тілін ұйренудегі басты мақсаттың бірі қытайда білім алу екенін жасырмады.
Йа, болашақта қытайда білім алғым келеді. Сосын еліміздің кино саласының дамуына өз ұлесімді қоссам деймін. Екі елдің достығы үшін қызымет етіп, «Композитор» сияқты кино туындылардың көптеп түсірілуіне атсалыссам деген арманым бар,- деді жас актер.
Айта кетерлігі, «Композитор» фильмі Қазақстан мен Қытай кинематографистерінің тұңғыш бірлескен жобасы. Кино туындыны Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы және қытайлық «Shineworks Pictures», «China film coproduction corporation» компаниялары бірге түсірген.
Аталған фильм әлемдік өнерге елеулі үлес қосқан Қытайдың танымал композиторы Си Синхайдың өмірі мен өнер жолын суреттейді. Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында (1941-1943 жылдар аралығында) композитор Қазақстанда тұрып, қазақтың талантты композиторы Бақытжан Байқадамовпен дос болған. Картина екі ел арасындағы ынтымақтастық пен композиторлардың достығы туралы сыр шертеді.
Көркем туынды 2019 жылы прокатқа шығып, көптеген кино фестивалдарда жүлде жеңіп алды. Нақтырақ айтқанда, кино 8-ші Ванкувер халықаралық қытай кинофестивалінде «Қызыл үйеңкі жапырағы» сыйлығының «Үздік фильм», «Үздік режиссер», «Үздік әйел рөлі» және «Үздік ер адам рөлі» номинацияларында топ жарды.

Комментарии (0)

Оставить комментарий




Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Другие новости

Читать все новости

Международный казахско-китайский языковой центр: открыт бизнес-инкубатор

Открытие бизнес-инкубатора прошло под девизом «Выход профессионального образования за рубеж, наделение навыками»

В Чанцзи-Хуэйском автономном округе СУАР запустили 5 новых авиамаршрутов — продолжается формирование экосистемы авиационной индустрии.

На конференции были объявлены планы по запуску новых рейсов из первого гражданского аэропорта Чанцзи — аэропорта

«Футбольный бум» на Памирском нагорье: народные турниры Синьцзяна выходят в «голубой океан».

Футбольный парк в городе Атуш Кызылсу-Кыргызского автономного округа (далее - Кызылсу), вмещающий более 5000

Астанада Си Цзиньпин еңбектерінің қазақ тіліндегі төрт томдығы таныстырылды

Қытай делегациясы атынан сөз сөйлеген Ху Хэпин мырза бұл еңбектің халықаралық маңыздылығына ерекше тоқталды:

Астанада Си Цзиньпин еңбектерінің қазақ тіліндегі төрт томдығы таныстырылды

Қытай делегациясы атынан сөз сөйлеген Ху Хэпин мырза бұл еңбектің халықаралық маңыздылығына ерекше тоқталды:

За первый квартал объем аграрных инвестиций в Кашгаре, Синьцзян, составил почти 7,2 миллиарда юаней.

С начала года Кашгар последовательно продвигает развитие современной аграрной отрасли, опираясь на индустриальное

За первый квартал объем аграрных инвестиций в Кашгаре, Синьцзян, составил почти 7,2 миллиарда юаней.

С начала года Кашгар последовательно продвигает развитие современной аграрной отрасли, опираясь на индустриальное

О газете Контакты Размещение рекламы Мобильная версия Нашли опечатку?
Ctrl+Enter
Прислать новость

Учредитель: ОФ "Международная академия культурного и экономического сотрудничества "Новый Шелковый путь". Ответственный редактор: Дауров Хусей.

Мнение автора не отражает позицию редакции. Наш адрес: ул. Кунаева 1, оф. 205а. Свидетельство о регистрации в Министерстве юстиции №16244-Г.
Выходит еженедельно. Отпечатано в типографии АО "Алматы-Болашак": г. Алматы, ул. Муканова 223в, тел.: 378-42-00. Тираж - 3000 экз.

Разработка сайта