Юаньмен есеп айырысу: Қазақстан неге бұл бағытқа бет бұрды?

Экономист Бауыржан Ысқақтың айтуынша, юаньмен төлеу жүйесі немесе жалпы юаньмен есеп айырысудың енгізілуі – бір күнде қабылданған шешім емес. Бұл әлемдік қаржы жүйесінде жүріп жатқан ірі құрылымдық өзгерістердің бір бөлігі.
Сарапшының сөзінше, соңғы жылдары АҚШ доллары геосаяси құралға айнала бастады. Санкциялық тәуекелдердің күшейгені белгілі. Осыған байланысты көптеген ірі елдер өзара сауданы ұлттық валюталар арқылы жүргізуге көшіп жатыр.
Қазақстанның юаньмен есеп айырысуға бет бұруы – бұл қорғаныс емес, бейімделу саясаты, – дейді экономист.
Бұл бағыттың ресми негізі де бар. 2022 жылы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі мен Қытай Халық Банкі арасында юаньмен өзара есеп айырысуды дамыту туралы меморандумға қол қойылған. Бұл құжат юаньді трансшекаралық есеп айырысуда қолданудың институционалдық негізін қалыптастырды.
Қытай факторы және экономикалық логика
Жалпы Қазақстанның Қытаймен тауар айналымы жыл сайын өсіп келе жатқаны белгілі.
Қытай – Қазақстан үшін ірі импорт көзі, негізгі инвестициялық серіктестердің бірі және транзит пен логистикадағы стратегиялық әріптес.
Осы тұрғыда юаньмен есеп айырысу доллар тапшылығы тәуекелін азайтады, сыртқы төлем балансын техникалық тұрғыда жеңілдетіп, бизнеске ұзақ мерзімді келісімшарттарды сенімді жоспарлауға мүмкіндік береді.
Бұл бағыттағы қозғалысты қаржы нарығындағы статистика да жанама түрде көрсетеді. Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми мәліметіне сәйкес, 2025 жылы валюта нарығындағы сауда-саттық көлемі 51,2 трлн теңгені құраған. Бұл валюталық операцияларға сұраныстың айтарлықтай өскенін білдіреді.
Сауда құрылымына әсері
Юань енгізілуі сауда құрылымының сапасын өзгертеді, — дейді Бауыржан Ысқақ.
Оның айтуынша:
• Қытаймен келісімдердің көбі ұзақ мерзімді форматқа ауысады,
• алдын ала төлем тәжірибесі кеңейеді,
• валюта айырбастау шығындары қысқарады,
• шағын және орта бизнес үшін Қытай нарығына кіру жеңілдейді.
Яғни бұл тек ірі корпорациялар үшін емес, орта деңгейлі экспорттаушылар үшін де маңызды құрал бола бастайды.
Юань мен доллардың айырмашылығы
Сарапшы юаньның басты ерекшелігіне жеке тоқталады.
Юань – басқарылатын валюта. Бұл нені білдіреді? Оның күрт құбылмалылығы төмен. Ол Қытай экономикасының ішкі логистикасына тәуелді және алыпсатарлық тәуекелдері салыстырмалы түрде аз.
Алайда ол бірқатар шектеуді де атап өтті:
• Қазақстанда юаньмен хеджирлеу құралдары әлі толық дамымаған,
• қаржы нарығының тереңдігі доллармен салыстырғанда әлсіз.
Теңгеге әсері қандай?
Юаньмен есеп айырысу теңгені әлсіретпейді. Керісінше, егер доллар қысымы азайып, сыртқы төлемдер теңгерімді бола бастаса, бұл теңге үшін психологиялық тұрақтылық факторы болады, – дейді экономист.
Бірақ ол бір нәрсені нақты атап өтеді:
Юань теңгенің орнын баспайды. Ол тек сыртқы саудада қолданылатын құрал болып қалады, – деді экономист.
Ұлттық банк пен банктердің рөлі
Бауыржан Ысқақтың айтуынша, Ұлттық банк үшін бұл резервтерді әртараптандыру, валюталық тәуекелдерді басқару және көпвалюталы модельге көшу тәжірибесі.
Ал екінші деңгейлі банктер үшін юаньмен депозиттер мен есепшоттар ашу, Қытай банктерімен тікелей байланыс орнату, қаржы технологияларын бейімдеуге болады.
Алайда ол кадрлық тәжірибе, сенім факторы әлі де қалыптасу үстінде екенін атап өтеді.
Бұл доллардан бас тарту емес
Бұл қадамды доллардан бас тарту деп түсіну – қате. Қазақстан Батысқа да, Шығысқа да ашық саясат ұстанатын мемлекет. Юань – бұл геосаяси таңдау емес, бұл – сауда логистикасының нәтижесі ғана, – дейді сарапшы.
Юаньмен есеп айырысудың инфляцияға тікелей әсері жоқ. Бірақ жанама түрде:
• импорт бағасының күрт ауытқуын азайтады,
• жеткізу тізбегін тұрақтандырады,
• кейбір тауарлар бойынша баға болжамдылығын арттырады.
Ал ішкі инфляцияның негізгі себептері бәрібір ішкі сұранысқа, тарифтерге және бюджеттік саясатқа тәуелді болып қала береді.
Қауіптері мен шектеулері
Экономист мұнда бірнеше тәуекелді ашық айтады.
Қытай экономикасының баяулауы – біз сияқты дамушы елдер үшін үлкен тәуекел, юань толық еркін айналымдағы валюта емес және бір серіктеске шамадан тыс тәуелділік қаупі бар. Сондықтан юань басым валюта емес, баланс құралы болуы керек, – дейді ол.
3-5 жылдық сценарий
Сарапшының болжамынша, 3-5 жылда Қытаймен сауданың 20-30 пайызы юаньмен жүргізілуі мүмкін, логистика, шикізат және өнеркәсіп саласында оның қолданылуы кеңейеді, ішкі нарықта оның рөлі шектеулі болып қалады, толық доминант валютаға айналуы екіталай.
Юаньмен есеп айырысу – экономиканы құтқаратын құрал емес. Бірақ ол тәуекелді азайтатын, икемділікті арттыратын механизм. Бұл Қазақстанға экономикалық саясаттың сапасын арттыруға, өндіріс пен экспортты дамытуға және қаржы нарығының тереңдігін күшейтуге мүмкіндік береді, – деп түйіндейді экономист Бауыржан Ысқақ.

Комментарии (0)

Оставить комментарий




Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Другие новости

Читать все новости

В период «14-й пятилетки» среднегодовой рост валового регионального продукта Синьцзяна составил 5,9%.

Отрасли с характерными и конкурентными преимуществами ускоренно развиваются: эквивалент добычи нефти и газа достиг

Лёд и снег как связующее звено - Шёлковый путь соединяет.

Данные соревнования являются важной практикой реализации Синьцзяном стратегии высококачественного развития зимних

В Синьцзяне эта школа была повышена в статусе!

Хоргосская городская высшая техническая школа была основана в октябре 2020 года и является комплексной технической

Счастливая «наука скачек» Юй Лихуа.

Зайдя в конюшню Юй Лихуа, можно увидеть 15 скаковых лошадей, стоящих в своих стойлах

За первые 11 месяцев 2025 года объем грузоперевозок через КПП Хоргос превысил 42 млн тонн

За отчетный период объем грузоперевозок через КПП Хоргос продолжал расти. Через него было экспортировано 396 тыс.

В Синьцзяне вступил в силу первый местный нормативный правовой акт, посвящённый развитию комплексных бондовых зон.

Комплексная бондовая зона Алашанькоу начала функционировать в закрытом таможенном режиме в июне 2014 года.

Собирательно-распределительный центр в рамках системы TIR в Кашгаре обработал 900 грузовиков в 2025 году

По объему обработанных фур данный центр второй год подряд занимает первое место среди всех подобных логистических

О газете Контакты Размещение рекламы Мобильная версия Нашли опечатку?
Ctrl+Enter
Прислать новость

Учредитель: ОФ "Международная академия культурного и экономического сотрудничества "Новый Шелковый путь". Ответственный редактор: Дауров Хусей.

Мнение автора не отражает позицию редакции. Наш адрес: ул. Кунаева 1, оф. 205а. Свидетельство о регистрации в Министерстве юстиции №16244-Г.
Выходит еженедельно. Отпечатано в типографии АО "Алматы-Болашак": г. Алматы, ул. Муканова 223в, тел.: 378-42-00. Тираж - 3000 экз.

Разработка сайта