Қанат Бейсек: Қазақстан-Қытай ынтымақтастығы болашаққа бағдарланған сенімді стратегиялық серіктестік

Қанат Бейсек: Қазақстан-Қытай ынтымақтастығы болашаққа бағдарланған сенімді стратегиялық серіктестік


Сыртқы сауда Қазақстан эконмикасының негізгі құрамдас бөлігі саналады. Қазақстан Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша, елдің сыртқы сауда айналымы 116,8 млрд АҚШ долларын құрады. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 1,5%-ға жоғары. Осы тұрғыда Қытай ең басты сауда ынтымақтас болып отыр.
Сауда және интеграция министрлігінің мәліметінше, өткен жылы Қазақстан мен Қытай арасындағы сауда айналымы 30,1 млрд АҚШ доллары көлемінде болды. Алыс-берістің үлес салмағы шамалас: экспорт – 14,8 млрд АҚШ доллар; импорт – 15,1 млрд АҚШ доллар.
Бұл күнде, екі елдің сауда қарым-қатынасының дамуына көптеген бірлестіктер мен кәсіпкерлер өз ұлесін қосып жатыр. Олардың қатарында бірегейі «Қазақтан-Азия сауда және мәдениетті дамыту қауымдастығы» төрағасы Қанат Бейсек мырзамен арнайы сұхбаттасып, екі ел сауда ынтымақтастығы туралы пікірін біліп қайтқан едік.



Қанат Бейсек мырза! Ең алдымен өзіңіз басқарып отырған Қазақстан-Қытай сауданы дамыту қауымдастығы туралы қысқаша айта кетсеңіз?
- Біздің қауымдастығымыздың маңыздылығы – халықаралық қатынастарды терең меңгеру мен тәжірибеге сүйенген жүйелі жұмыс жасау. Өзім осы жолда жиырма жылдан астам уақыт бойы халықаралық сауда саласында еңбек етіп келемін. Осы жылдар ішінде жинақтаған тәжірибеміз бен еңбегіміздің басты бағыты – Қазақстан мен Қытай арасындағы өзара тиімді ынтымақтастықты дамыту. Бүгінде осы мақсат жолында іскерлік орта мен қоғамға кеңінен танылып, зор сенімге ие болып отырмыз.
Негізгі мақсат - Қазақстанның және Қытайдың орта шағын бизнесмендерінің байланыстарын арттыру, Қазақстанның үкіметі мен Қытайдың үкіметінің ортасындағы жұмыстарына селбестік білдіру. Осы ұстаммен 2016 жылы Қазақстанда «Қазақстан-Қытай саудаға жәрдемдесу қауымдастығы» Заңды тұлғалар бірлестігіне Төраға болып сайланып, екі ел арасындағы іскерлік көпірді берік етуге күш салып келемін. Содан бері көптеген жұмыстар атқарылды. Қауымдастығымыздың беделі Қазақстанда да, Қытайда да көтеріліп, іскерлік орта мен ресми өкілдер арасында танымал бола бастадық. Екі жақтан да біздің іскерлігімізді мойындап, үкімет тарапынан үлкен қолдаулар көрсетіле бастады. Нәтижесінде Қауымдастықтың қызмет ауқымын да, географиялық ауқымын да кеңейту туралы шешім қабылдап, 2024 жылы «Қазақтан-Азия сауда және мәдениетті дамыту қауымдастығы» болып қайта құрылды.
Әрине, Азия аумағындағы мәдениет пен сауданы қатар алып жүру оңай емес. Дегенмен, біздің Қауымдастықтың Президиумы көп жағынан бізге қолдау білдіріп келеді. Айта кетейін, біздің қауымдастықтың Президиум Төрағасы Қазақстанда ғана емес, халықаралық деңгейде танымал тұлға Дүйсен Қорабайұлы Қасейінов. Бұдан бөлек, Президиум құрамына Парламент Сенатының, Парламент Мәжілісінің депутаттары, Үкіметтің кеңесшісі, вице-министр және Дүниежүзілік сауда ұйымындағы Қазақстанның ресми өкілі секілді мықты тұлғалар кіріп отыр.
Ал осы Қауымдастық құрылғалы қандай жетістіктерге қол жеткізілді?
- Қауымдастықтың іргетасы қаланған сәттен бастап біз алдымызға екі үлкен міндет қойдық: біріншіден, Қазақстан мен Қытай кәсіпкерлерінің арасындағы көпірге айналу, екіншіден, нақты жобалар мен бастамаларды іске асыру арқылы экономикалық ынтымақтастықты жаңа деңгейге көтеру. Осы уақыт аралығында расында біз ауыз толтырып айтарлықтай біраз жұмыс атқардық. Алдымен, жоғары деңгейдегі ресми сапарларды ұйымдастыруға атсалыстық. Мәселен, осыдан біраз жыл бұрын Қытайдың Ауыл шаруашылығы министрінің Қазақстанға алғашқы сапарын өткізуге тікелей басы-қасында болдым. Сондай-ақ Қазақстан Үкіметі тарапынан жауапты тұлғалардың сапарларын да үйлестірдік. Атап айтқанда, Үкімет басшысының орынбасары Серік Жұманғарин мырзаның Бейжіңге сапарын, бірқатар министрліктің іскерлік кездесулерін ойдағыдай ұйымдастыруға жауапты болдық. Бұл сапарлар екі ел арасындағы экономикалық байланыстарды жаңа деңгейге көтеріп, көптеген келісімдер мен нақты жобалардың бастамасына негіз қалады.
Екіншіден, қауымдастық Қытай тарапынан әртүрлі үкімет дәрежесіндегі 400-ден аса лауазымды тұлғаны Қазақстанда ресми түрде қабылдап, олардың сапарларының мазмұнды әрі нәтижелі өтуіне тікелей ықпал етті. Бұл сапарлар барысында энергетика, ауыл шаруашылығы, көлік-логистика, өнеркәсіп, қаржы және цифрлық технологиялар салаларында ынтымақтастық мәселелері талқыланып, нақты келісімдерге қол жеткізілді. Осындай ауқымды кездесулердің арқасында екі ел арасындағы стратегиялық сенім нығайып, мемлекеттік деңгейде қабылданған шешімдер бизнес-қауымдастықтар үшін нақты мүмкіндіктерге жол ашты. Бұл – дипломатиялық қатынастарды нығайтудағы үлкен тәжірибе әрі сенімнің белгісі.
Үшіншіден, қауымдастық іскерлік байланыстарды жүйелі дамыту мақсатында тұрақты түрде форумдар, дөңгелек үстелдер, бизнес-миссиялар мен көрмелер ұйымдастырып келеді. Бүгінге дейін 500-ге тарта осындай іс-шара өткізіліп, олар қазақстандық және қытайлық кәсіпкерлердің өзара пікір алмасуына, бірлескен жобаларды талқылауына, жаңа нарықтарға шығу тетіктерін табуына мүмкіндік берді. Бұл алаңдарда шағын және орта бизнес өкілдерінен бастап, ірі инвесторларға дейін тікелей сұхбаттасып, өзара тиімді әріптестік орнатты. Нәтижесінде көптеген нақты коммерциялық келісімдер мен бірлескен өндірістік жобалар жүзеге аса бастады.
Төртіншіден, соңғы жылдары біз ірі халықаралық көрмелерді жоғары деңгейде өткізуге белсене кірістік. Соның айқын мысалы – екі жыл қатарынан Қытайдың Шандунь провинциясы, Линьий қаласының арнайы халықаралық тауарлар көрмесін ұйымдастыруымыз. Жақында ғана Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен өткен көрменің салтанатты ашылуына Қытай тарапынан Линьий қалалық Халық үкіметі басшысының орынбасары, партия комитетінің хатшысы Го Хуңшуэй мырза бастаған үлкен делегация келді. Қазақстан тарапынан Алматы қаласы Алатау ауданының әкімі, қалалық Кәсіпкерлік басқармасының басшысы, Жетісу облысының кәсіпкерлік басқармасының басшысы, Талдықорған қаласы әкімі арнайы қатысты. Бұл шара тек сауда байланыстарын нығайтып қана қоймай, өңірлер арасындағы тікелей бизнестің дамуына серпін берді.
Бесіншіден, қауымдастық дәстүрлі бизнес байланыстарды дамытумен қатар, цифрлық трансформацияға да баса назар аударып келеді. Бұл тұрғыда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 8 қыркүйектегі Жолдауында жасанды интеллектіні қолданудың стратегиялық маңызын атап көрсетті. Президенттің осы көзқарасы біздің қызметіміздің негізгі бағытымен толық сәйкес келеді. Соның айғағы – «QAZAQ Заңгер-Чаты» жобасы. Бұл – Қазақстанда шетелдік кәсіпкерлерге бизнес ашу және жүргізу бойынша заңнамалық кеңес беретін тұңғыш жасанды интеллект платформасы. GPT-4.0 технологиясына негізделген, еліміздің қолданыстағы заңнамасымен терең интеграцияланған интеллектуалды көмекші бүгінде 15 тілде қолжетімді (қазақ, орыс, ағылшын, қытай, кандон, индонезия, малай, тай, түрік, вьетнам, жапон, корей, араб, урду, хинди) болып, әлемнің кез келген нүктесіндегі кәсіпкерлерге кәсіби әрі жедел кеңес алуға мүмкіндік беріп отыр. Мәселен, қытай кәсіпкері Қазақстанда бизнес ашу үшін не керек екенін, заңнамада қандай артықшылықтар мен жеңілдіктер бар екенін Қазақстанға келмей-ақ, арнайы консалтинг- компанияларға жүгінбей-ақ, біздің порталымызға кіріп, нақты жауап ала алады. Бұл жерде айта кетерлігі, заңнама ешбір ауытқушылықсыз, Жасанды Интеллектінің ойынан ештеңе араластырмастан дұрыс жауап беруге негізделген екенін тағы джа естеріңізге салғым келеді.
Жалпы алғанда, қауымдастық құрылғалы бері біз екіжақты қарым-қатынастардың барлық деңгейінде нақты істерге бастамашы болып келеміз. Жоғары деңгейдегі ресми сапарлардан бастап, бизнес-форумдар мен халықаралық көрмелерге дейінгі ауқымды жұмыстардың барлығы Қазақстан мен Қытай арасындағы экономикалық әріптестікті нығайтуға бағытталған. Бүгінде қауымдастық – жүздеген кәсіпкер үшін сенімді серіктестік алаңы, мемлекеттер арасындағы достықтың берік дәнекері.
- Сіздің ойыңызша, Шыңжаң автономиялы ауданының Қазақстан-Қытай ынтымақтастығы аясында қандай маңызды рөл атқарады?
– Біздің қауымдастықтың ең басты миссиясы – Қазақстан мен Қытай арасындағы сауда-экономикалық байланыстарды жүйелі түрде дамытуға жәрдемдесу. Бұл ретте Шыңжаң ұйғыр автономиялық районының орны ерекше. Себебі, Шыңжаң – екі елдің арасындағы табиғи көпір, қақпа іспетті стратегиялық өңір. Қазақстаннан Қытайға бағытталған барлық ірі теміржол және автокөлік дәліздері дәл осы Шыңжаң арқылы өтеді. Сондықтан да біздің қауымдастықтың атқарып отырған жұмыстары екіжақты серіктестіктің дәнекері әрі катализаторы болып отыр.
Алдымен, логистикалық тұрғыда айтар болсақ, қауымдастық Шыңжаңдағы кедендік рәсімдерді жеңілдету, жүк ағындарын жылдамдату, “жасыл дәліз” тәрізді заманауи тетіктерді енгізуге қолдау көрсетіп келеді. Соның арқасында Қазақстаннан шыққан ауыл шаруашылығы өнімдері – астық, майлы дақылдар, мал азығы, ет пен сүт өнімдері – бұрынғыдан да қысқа мерзімде Қытай нарығына жетіп отыр.
Өнеркәсіп пен инвестиция бағытында қауымдастық екі елдің бизнес қауымдастықтарын түйістіріп, бірлескен жобалардың жүзеге асуына ықпал етеді. Шыңжаң өңірінде орналасқан қытайлық кәсіпорындар қазақстандық серіктестермен ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу, логистика, жеңіл өнеркәсіп, машина жасау салаларында белсенді әріптестік орнатып келеді. Біз осы әріптестіктердің тұрақты әрі тиімді жүруіне жағдай жасап, келіссөздер алаңын ұсынамыз.
Ал мәдени-гуманитарлық бағытта Шыңжаң – қазақ диаспорасы тығыз қоныстанған өлке. Бұл өз кезегінде екіжақты ынтымақтастыққа ерекше мазмұн береді. Қауымдастық мәдени байланыстарды, білім және ғылым саласындағы әріптестікті кеңейтуге де үлес қосып отыр. Экономикалық серіктестік мәдени жақындастықпен толыққанда ғана тұрақты әрі ұзақ мерзімді болатынын жақсы білеміз.
Жалпы алғанда, біздің қауымдастық Шыңжаңды Қазақстан мен Қытай арасындағы алтын көпірге айналдыру жолында аянбай еңбек етіп келеді. Біз үшін Шыңжаң – тек транзиттік дәліз емес, ол – жаңа идеялар мен жобалардың тоғысатын аймағы, экономикалық серіктестіктің жаңа белестерге көтерілуіне ықпал ететін стратегиялық платформа. Сондықтан да біздің міндетіміз – екі ел арасындағы өзара сенімді нығайтып, кәсіпкерлерге нақты қолдау көрсету, алдағы уақыттағы ауқымды бастамаларға дәнекер болу.
- Қауымдастықтың алдағы жоспарлары туралы айта кетсеңіз?
- Алдағы кезеңде біз үшін басты басымдық – Қазақстан мен Қытай арасындағы стратегиялық серіктестікті жаңа мазмұнмен толықтырып, кәсіпкерлік ынтымақтастықты одан әрі кеңейту. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жақында Қытайға жасаған сапарында: «Біздің саяси диалогымыз ешқашан уақытша мүдделерге құрылған жоқ, ол — мәңгілік достық пен стратегиялық серіктестікке негізделген», – деп атап өтті. Бұл ой біздің қауымдастық жұмысының да негізгі қағидасына айналған.
Біз бұл қағиданы нақты істер арқылы жүзеге асыруды көздеп отырмыз. Ең алдымен, екі ел арасындағы сауда айналымын арттыруға және жаңа инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға ерекше назар аударылады. Осы тұрғыда біз қазақстандық бизнестің халықаралық деңгейде өркендеуіне қолдау көрсетуді жалғастырамыз. «Қазақстандық бизнестің халықаралық қызметін қолдау» жобасы аясында жасанды интеллект көмегімен әлемнің ірі бизнес-компанияларына кешенді талдау жүргіземіз. Жаңа дәуір талаптарына сай цифрлық трансформацияны серіктестік қатынастардың ажырамас бөлігіне айналдыруды қолға аламыз. Яғни, олардың қаржылық айналымын, заңдық мәртебесін саралап, салық және кедендік органдардың ашық деректерімен ықпалдастыра отырып, бәсекеге қабілеттілік көрсеткіштерін бағалаймыз. Мұндай сараптамалар отандық кәсіпкерлерге жаһандық нарыққа сенімді қадам жасауға жол ашады.
Бұдан бөлек, жас кәсіпкерлер мен стартап иелерін қолдау – біз үшін басым бағыттардың бірі. Қауымдастық олардың халықаралық тәжірибеге қол жеткізуіне, инновациялық жобаларын дамытуына жағдай жасайды. Бұл Қазақстанның жас буынын заманауи бизнес пен технология саласында бәсекеге қабілетті етуге септігін тигізеді.
Сонымен бірге, Қазақстанға келетін шетелдік кәсіпкерлер үшін бизнес ашудан бастап, заңдық рәсімдерден өтіп, тұрақты қызметін жолға қойғанға дейін кешенді сүйемелдеу қызметін ұсынамыз. Бұл қолдау – тек құжат рәсімдеумен шектелмейді. Біз инвестордың әрбір қадамына стратегиялық серіктес ретінде қарап, нарықтың ерекшеліктерін түсіндіруден бастап, сенімді серіктестер табуға, жергілікті кадрларды тартуға, ұзақ мерзімді жобаларын жүзеге асыруға дейін толық қамти аламыз. Мұндай кешенді қолдау шетелдік бизнес өкілдеріне Қазақстанда өздерін қауіпсіз әрі сенімді сезінуге мүмкіндік береді. Инвесторлар біздің елде тек табыс табудың ғана емес, тұрақты даму мен қоғамға үлес қосудың жолын көреді. Сондықтан бұл бастама Қазақстанның инвестициялық тартымдылығын арттырып қана қоймай, елімізді халықаралық бизнес үшін аймақтағы сенімді орталық ретінде айқындауға қызмет етеді.
Қорытындылай айтқанда, қауымдастықтың алдағы жоспарлары – жай ғана экономикалық жобалар тізбегі емес, ол – елдер арасындағы сенімге негізделген ұзақ мерзімді серіктестіктің жаңа келбеті. Біз Қазақстан кәсіпкерлерін әлемдік бәсекеге қабілетті ортаға шығарып қана қоймай, Қытай тарапымен ортақ құндылықтар мен жауапкершілікке негізделген ынтымақтастықты нығайтуға мүдделіміз. Алдағы уақытта жүзеге асырылатын бастамаларымыз екі ел экономикасына нақты үлес қосып, болашақ ұрпаққа бағытталған тұрақты дамудың берік іргетасын қалауына сенімдіміз.
Қазақстан-Қытай сауда байланысының қазіргі жағдайын қалай бағалайсыз? Болашақта қандай жаңа мүмкіндіктер бар деп ойлайсыз?
- Қазақстан мен Қытай арасындағы сауда-экономикалық байланыстар қарқынды даму үстінде. Мәселен, 2025 жылғы қаңтар–тамыз аралығында екі ел арасындағы тауар айналымы 30,68 миллиард АҚШ долларына жетіп, бұл көрсеткіш өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 5,7 пайызға өскенін айғақтайды. Бұл өсім екі елдің бір-біріне деген сенімінің, ортақ экономикалық мүдделерінің және ынтымақтастықты жаңа деңгейге көтеру ұмтылысының нақты дәлелі.
Жақында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қытайға жасаған ресми сапары екі ел арасындағы қарым-қатынастарға тың серпін берді. Президент бұл сапардың аса жемісті өткенін атап өтіп: «Екі елдің арасындағы стратегиялық серіктестікке мықты әрі тың серпін берілді. Ең бастысы, келіссөздердің күн тәртібі Қазақстанның ұлттық, әсіресе экономикалық мүдделеріне тікелей байланысты болды» деп мәлімдеді. Осы сапар аясында 15 миллиард АҚШ доллары көлемінде 70-тен астам коммерциялық құжатқа қол қойылды, бұл екіжақты ынтымақтастықтың нақты нәтижесі мен үлкен әлеуетін айқын көрсетеді.
Қазақстан мен Қытайдың мүддесі ортақ. Олар: тұрақтылық, даму және өзара тиімді әріптестік. Сондықтан бұл қатынас алдағы жылдары да дами береді деп сеніммен айтуға болады. Екі ел арасындағы сауда-саттық пен экономика ғана емес, мәдени байланыс та артып келеді. Қазақстандық жастар Қытайда оқып, білім алып жатыр. Визасыз режимнің арқасында екі елдің туристері бір-бірінің елдеріне барып, мәдениетімен танысуда. Қысқаша айтқанда, Қазақстан мен Қытай арасындағы серіктестік – тек бүгінгі күннің ғана емес, болашақтың да маңызды бағыты.
Алдағы мүмкіндіктерге тоқталсақ, ең үлкен әлеует көлік-логистика саласында. Қазақстанның географиялық орналасуы Қытайдың «Бір белдеу, бір жол» бастамасымен ұштасып, елімізді Еуразия құрлығындағы маңызды транзиттік торапқа айналдырып отыр. Сонымен қатар, ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдеп, Қытай нарығына экспорттау, жасыл энергетика, цифрлық технологиялар және инновациялық жобалар бойынша ынтымақтастық жаңа серпін бермек.
Қорытындылай айтқанда, бүгінгі күнгі Қазақстан-Қытай қарым-қатынасы – тек экономикалық әріптестік қана емес, болашаққа бағдарланған сенімді стратегиялық серіктестік. Бұл байланыстардың ауқымы алдағы жылдары тек кеңейіп, жаңа бағыттармен толықтырылатынына толық негіз бар.





Комментарии (0)

Оставить комментарий




Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Другие новости

Читать все новости

Қазақстан мен Қытай ынтымақтастығы: жасанды интеллект саласындағы даму мүмкіндігі

Для выполнения этих задач президент также поручил создать Министерство искусственного интеллекта и цифрового

Қанат Бейсек: Қазақстан-Қытай ынтымақтастығы болашаққа бағдарланған сенімді стратегиялық серіктестік

Наш политический диалог никогда не основывался на временных интересах — он построен на вечной дружбе и

70-летие Синьцзян-Уйгурского автономного района: путь прогресса и процветания

Семь десятилетий упорного труда заложили основу для нынешних достижений Синьцзяна.

Инициатива по глобальному управлению: ответ на вызовы современности, вклад китайской мудрости

Инициатива по глобальному управлению соответствует историческим тенденциям и непосредственно реагирует на

«Дух будущего» в сфере научных инноваций

Зарубежные СМИ в Чанччуне почувствовали «дух будущего» в сфере научных инноваций

Пятицветный Цзилинь — Голос Китая для всего мира

Зарубежные СМИ посетили Цзилинь, чтобы проследить вековую традицию пекинской оперы

Летом любуемся инеем!

Зарубежные СМИ в Цзилине испытали “снежную сказку”

О газете Контакты Размещение рекламы Мобильная версия Нашли опечатку?
Ctrl+Enter
Прислать новость

Учредитель: ОФ "Международная академия культурного и экономического сотрудничества "Новый Шелковый путь". Ответственный редактор: Дауров Хусей.

Мнение автора не отражает позицию редакции. Наш адрес: ул. Кунаева 1, оф. 205а. Свидетельство о регистрации в Министерстве юстиции №16244-Г.
Выходит еженедельно. Отпечатано в типографии АО "Алматы-Болашак": г. Алматы, ул. Муканова 223в, тел.: 378-42-00. Тираж - 3000 экз.

Разработка сайта