Бейзаттық мәдени мұра тізіміне енген қытайдың «Чуньцзе» мерекесі туралы не білеміз

Қытайлық жаңа жыл ретінде белгілі «Чуньцзе» мерекесі жыл сайын миллиардтаған адам тойлайтын әлемдегі ең көне және ең динамикалық фестивальдердің бірі. Биыл, бұл мереке ЮНЕСКО-ның адамзаттың бейзаттық мәдени мұрасының тізіміне енгеннен кейінгі алғашқы рет тойланғалы отыр.

Бейзаттық мәдени мұра тізіміне енген қытайдың «Чуньцзе» мерекесі туралы не білеміз


Биыл, қытайлық тұрғындар 29 қаңтарға қараған түні дәстүрлі жаңа жыл мерекесін қарсы алады.
Қазақ – Қытай күнтізбесіндегі ұқсастықтар мен айырмашылықтар
Этнограф-ғалым, фольклоршы, қазақ дүниетанымына байланысты көптеген кітаптың авторы Болат Бопайұлының айтуынша, Қытайдың Чуньцзе мерекесі мен қазақтың Наурыз мерекесі екеуі де көктемнің келуіне арналған, табиғат жаңаруы мен тіршіліктің басталуын тойлайтын мейрамдар. Алайда, олардың астрономиялық негіздері, атқарылатын дәстүрлері мен рухани мағыналары бойынша өзара ұқсастықтары мен айырмашылықтары бар.



Этнографтың айтуынша, Қазақ-Қытай күнтізбесі 12 жылдық цикл қолданылады, және әр жыл бір жануармен байланысты. Бұл ең басты ұқсастық.
Қытай күнтізбесі бойынша 12 жылдық цикл: Тышқан (Шу),Сиыр (Ниу), Жолбарыс (Ху), Қоян (Ту), Айдаһар (Луң), Жылан (Шы), Жылқы (Ма), Қой (Яң), Маймыл (Хоу), Тауық (Цзи), Ит (Гоу), Доңыз (Чжу).
Қазақ күнтізбесі бойынша 12 жылдық цикл: Тышқан, Сиыр, Барыс, Қоян, Ұлу, Жылан, Жылқы, Қой, Мешін, Тауық, Ит, Доңыз.
- Қазақтың астрономиясы да жыл қайыру мен уақытты есептеуде маңызды рөл атқарды. Қазақтар күн мен айдың қозғалысын, жұлдыздарды бақылап, табиғат құбылыстарының қайталануын пайдаланып, уақытты анықтаған. Қазақ халқы жұлдыздарды өте жақсы білген, олар үшін жұлдызды аспан ерекше маңызға ие болды. Бұл білімдер оларды жыл қайыруда, уақытты анықтауда және ауыл шаруашылығын жоспарлауда қолдануға мүмкіндік берді,- деді ол.
Сондай-ақ, Қазақ және Қытай күнтізбесінде де әр жануардың өзіне тән қасиеттері мен сипаттамалары бар, және әр жануардың жылы адамның мінезі мен тағдырына әсер етеді деп есептеледі.
- Қытай астрологиясы адам мінезін анықтауда және оны тағдырмен байланыстыруда 12 жылдық циклды маңызды құрал ретінде пайдаланады. Бұл Қазақ жылнамасында да көрініс тапқан. Мысалы, Қазақ жылнамасында тышқан жылы туылғандар тез ойлап, шешім қабылдайтын ақылды адамдар болып саналады. Ал Қытай күнтізбесі бойынша тышқан жылы туылған адамдар әдетте ақылды, алғыр, байқағыш, сондай-ақ бейімделгіш келеді деп сипатталады,-дейді этнограф.
Болат Бопайұлының айтуынша, Қытай астрологиясында бес элемент бар. Олар: ағаш, от, жер, металл, су. Бұл Қазақ жыл қайыруымен басты айырмашылық.
- Әрбір жануардың жылы осы элементтермен байланысып, оның сипатын өзгертеді. Мысалы, белгілі бір жылда жануардың элементі ағаш, металл немесе басқа бір элемент болуы мүмкін. Ал Қазақ жылнамасында ондай элементтер көрініс таппаған,- дейді Болат Бопайұлы.
2025 жыл - Қытай күнтізбесі бойынша жылан жылы
Қытай күнтізбесі бойынша 2025 жыл жылан жылына сәйкес келеді. Жылан жылы — бұл 12 жылдық циклдегі алтышы жыл.
Болат Бопайұлының айтуынша, Қытай астрологияда жылан жылына жататын адамдар ерекше даналық пен сымбаттылыққа ие деп саналады. Жылан әдетте терең ойлайтын, түсінуге қиын, бірақ өте харизматикалық және креативті жануар ретінде бейнеленеді.
- Жылан жылы тыныштықты, даналықты және байлықты тартуы мүмкін деп есептеледі. Сонымен қатар, бұл жыл адамдарды шығармашылыққа, инновацияға ынталандырады. Жылан жылы әдетте адамның өміріне жаңа мүмкіндіктер мен қиындықтар әкеледі. Бұл жыл тыныштық пен терең ойлауды, сондай-ақ өмірге деген жаңа көзқарасты қалыптастыруға және үлкен шешімдер қабылдауды талап етеді,- деді ол.
Этнографтың айтуынша, 2025 жыл Қазақ жылнамасы бойынша да жылан жылы. Бұл жыл да Қытай астрологиясымен ұқсас болып келеді, бірақ қазақ халқының дәстүрінде оның мәні мен ерекшеліктері өз мәдениетіне сай түсіндіріледі.
- Қазақ мәдениетінде Жылан символы ақыл мен ойлау, сақтық пен тұйықтықтың белгісі болып табылады. Жылан жылы туылған адамдарға терең ойлау қабілеті, адам мінезін түсіну және күрделі мәселелерді шешу мүмкіндігі тән. Бұл жылы туылған адамдар әдетте ойланып, өз әрекеттерін ақылмен және шеберлікпен жасайды. Қазақ халқының дәстүрінде Жылан жылы — ерекше уақыт, бұл кезеңде жаңа бастауларды жүзеге асыруға ұмтылған адамдар үшін сәттілік болуы мүмкін. Алайда бұл жолда көп еңбек пен ойлау қажет болады,- дейді ол.
Қазақстандағы «Чуньцзе» мерекесі
Қазақстанда «Чуньцзе» мерекесі әр жыл сайын аталып өтіледі. Қазақстан-Қытай арасындағы тығыз қарым-қатынас арқасында, қазақстанда жұмыс істейтін және саяхаттап келетін қытайлықтардың саны айтарлықтай өсті. Сондықтан, көптеген қытайлықтар Қазақстанда ұлттық мерекесін қарсы алады.
Қытайдың Қазақстандағы елшілігі және көптеген Қытайлық компаниялар әр жыл сайын мерекелік кеш ұйымдастырып, оған қазақстандық өкілдерде белсенді қатысады.
Айта кетерлігі, Қытайдың Қазақстандағы елшісі Хань Чуньлинь 24 қаңтар күні Астанада «Чуньцзе» мерекесіне арналған салтанатты кеш өткізді.
29 қаңтар күні, Қытай орталық телевизиясындағы «Чуньцзе» мерекелік Гала-концерті Қазақстандық «atameken business» телеканалы арқылы қазақстандықтарға көрсетілді.
Сондай-ақ, «Чуньцзе» мерекелік Гала-концертіне арналған афишасы Астанадағы «Қазақстан темір жолы» бас ғимаратындағы ұлкен экранда және Ханшатыр сауда орталығындағы 93 ЛЭД экранда көрсетілді.
Астандағы Қытай элементтері
Бұл күнде елордасы Астананың көптеген жерлерінен Қытай мәдениетінің элементтерін байқауға болады. Мысалға, Астанадағы ең көркем ғимараттардың бірі «Бейжің паласы» және Астанадағы Қытай елшілігінің жаңа ғимараты.
Сондай-ақ, елордада «Турандот», «Ланжоу» және «Панда Ламиан» сияқты Қытай мейрамаханалары көптеп ашылды. Қонақтардың көптігінен Қытай тағамдары жергілікті халық арасында қаншалықты танымал екенін аңғаруға болады.
«Панда Ламиан» кафесінің қызыметкері Саяның таныстыруынша, қонақтардың басым бөлігі Қытай тағамдарына таныс екен.
– Біздің менюдегі ең басты тағам ол «Қытай кеспесі». Фэн таң және Дапанжи тағамдарына тапсырыс берушілерде аз емес. Алғаш келген қонақтар тағамдарды таныстыруымызды сұрайды. Біз оларға қалай дайындалатынын түсіндіріп, таңдау жасауына көмек көрсетеміз. Жалпы, қонақтар тағамға өте риза болып кетеді,- деді ол.
«Чуньцзе» мерекесі аяасында Астанадағы «BAO» мейрамханасы мерекелік кеш ұйымдастырды. Қонақтарға Қытай каллиграфиясы бойынша шеберлік сабағын өткізіп, Дәстүрлі азиялық би биленді.
Еламан Алтай

Комментарии (0)

Оставить комментарий




Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Другие новости

Читать все новости

Год туризма Казахстана в Китае: итоги и достижения

Одной из самых ярких событий стали Дни туризма городов Казахстана, прошедшие в крупнейших городах Китая.

В Хоргосском районе Синьцзянской зоны свободной торговли появилась новая услуга

14 января филиал Китайского строительного банка в Хоргосе провёл регистрацию контрактов на валютные деривативы на

В Хоргосском районе Синьцзянской зоны свободной торговли появилась новая услуга

14 января филиал Китайского строительного банка в Хоргосе провёл регистрацию контрактов на валютные деривативы на

Создание промышленных кластеров и повышение уровня современного сельского хозяйства

На данный момент в нашей цепочке производства белого бройлера задействованы 6 предприятий, охватывающих такие

Оптимизация деловой среды и продвижение инвестиций

Деловая среда — это и «вода», и «почва»: чистая вода привлекает рыб, а плодородная почва даёт хорошие урожаи. В

Импортные товары в богатом ассортименте представлены в «перечне новогодних товаров» для народных масс Синьцзяна

Чуньцзе – покупка новогодних товаров и подготовка новогодних подарков становятся одной из главных забот китайского

В Чанцзи-Хуэйском автономном округе СУАР обнаружены фрагменты буддийского текста «Сутра о великой нирване»

На археологических раскопках древнего города времен династии Тан в Чанцзи (Синьцзян) были найдены фрагменты

Синьцзян нацелен на достижение значительного социально-экономического развития в 2025 году

Синьцзян-Уйгурский автономный район /СУАР, Северо-Западный Китай/ стремится к устойчивому социально-экономическому

О газете Контакты Размещение рекламы Мобильная версия Нашли опечатку?
Ctrl+Enter
Прислать новость

Учредитель: ОФ "Международная академия культурного и экономического сотрудничества "Новый Шелковый путь". Ответственный редактор: Дауров Хусей.

Мнение автора не отражает позицию редакции. Наш адрес: ул. Кунаева 1, оф. 205а. Свидетельство о регистрации в Министерстве юстиции №16244-Г.
Выходит еженедельно. Отпечатано в типографии АО "Алматы-Болашак": г. Алматы, ул. Муканова 223в, тел.: 378-42-00. Тираж - 3000 экз.

Разработка сайта