Қытайдың атом энергетикасы: әлемдік көшбасшының Қазақстанға берері не
Қытай бүгінде атом энергетикасын қарқынды дамытып отырған әлемдегі жетекші мемлекеттердің бірі саналады. Ел аумағында қазіргі уақытта 58 атом реакторы жұмыс істейді, олардың жалпы орнатылған қуаты шамамен 57–60 гигаваттқа тең. Бұған қоса, 32 жаңа реактордың құрылысы жүріп жатыр, ал жобаланған және мақұлданған реакторларды қоса есептегенде, Қытайдың ядролық энергетика жүйесінде 100-ден астам реактор бар.
Қытай атом энергетикасының қуаты Атом электр станциялары (АЭС) Қытайдың жалпы электр энергиясының шамамен 5 пайызын қамтамасыз етеді. Бұл үлес алғашқы қарағанда аз көрінгенімен, елдің энергия жүйесінің ауқымын ескерсек, бұл орасан көрсеткіш. 2023 жылы атом станциялары 440 мың гигаватт-сағаттан астам электр энергиясын өндірген. Қытайдың басты ерекшелігі — ядролық энергетикада сериялық және жедел құрылыс тәсілін қолдануы. Ел жыл сайын жаңа реакторларды іске қосып, құрылыс мерзімін әлемдік орташа көрсеткіштен әлдеқайда қысқартты. Мысалы, жаңа буын Hualong One реакторлары 5–6 жыл ішінде толық қуатқа шығарылады. Бұл технология Қытайдың өзінде ғана емес, Пәкістан мен Аргентина сияқты елдерде де қолданылып, халықаралық деңгейде мойындалды. Қазақстанның АЭС салудағы таңдауы Қазақстан билігі екінші және үшінші атом электр станцияларын Қытайдың Ұлттық ядролық корпорациясы (CNNC) салатынын мәлімдеді. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев маусым айында ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинмен өткен келіссөздер барысында елдің екі-үш станция салуды жоспарлап отырғанын және CNNC-ті сенімді стратегиялық серіктес ретінде қарастыратынын атап өтті. Оның айтуынша, бұл корпорация жоғары деңгейдегі құзыретке ие және қазақстандық нарықта тұрақты позицияны иеленуге қабілетті. Бұл ынтымақтастық бағыты Мемлекет басшысының 2 қыркүйекте Қытайға жасаған сапары барысында одан әрі дамыды. Сол кезде Қасым-Жомарт Тоқаев CNNC директорлар кеңесінің төрағасы Шэнь Яньфэнмен кездесті. Президент атап өткендей, алдыңғы күні Төраға Си Цзиньпинмен болған әңгіме барысында атом тақырыбына ерекше көңіл бөлініп, маңызды келісімдерге қол жеткізілген. Бірінші вице-премьер Роман Скляр үшінші АЭС-тің құрылысын да қытайлық корпорацияға сеніп тапсыру жоспарланып отырғанын растады, ал салалық ведомстволар жаңа станцияларды орналастыруға арналған ықтимал алаңдарды зерттеуді бастап кеткен. Қытай атом өнеркәсібінің мерейтойы 2025 жылы Қытай ұлттық атом өнеркәсібінің 70 жылдығын атап өтті. Бастау нүктесі 1955 жылғы 15 қаңтарда ҚКП Орталық Комитеті Секретариатының Төраға Мао Цзэдун басқарған отырысында өз атом индустриясын құру туралы қабылданған шешім болды. Келесі онжылдықтар ішінде ел бірқатар маңызды кезеңдерден өтті. 1964 жылы Қытайдың алғашқы атом бомбасының сәтті сынақтары өтті, ал 1970 жылы алғашқы атомдық суасты қайығы суға түсірілді. 1985 жылы Чжэцзян провинциясында алғашқы атом электр станциясы — Циньшань АЭС-інің құрылысы басталды, ал оның 1991 жылғы іске қосылуы ел бойынша азаматтық ядролық энергетиканың ауқымды дамуына жол ашты. Осы уақыт аралығында Қытай ядролық кешені шетелдік технологияларды көшіруден бастап, әлемдік деңгейдегі өз шешімдерін жасауға дейінгі жолдан өтті. Бүгінде ҚХР толық ядролық циклге ие уран өндіруден және реакторларды жобалаудан бастап, отын өндіру, қалдықтарды қайта өңдеу және станцияларды пайдаланудан шығару кезеңіне дейін. Мұның бәрі елге бірегей технологиялық тәуелсіздік пен халықаралық нарықтағы берік бәсекелестік позицияларды қамтамасыз етеді. Ең жылдам әрі сапалы құрылысшы-Қытай Қазақстандық энергетик Жақып Хайрушев неліктен Қытай Қазақстанның екінші және үшінші АЭС-тері үшін таңдалғанын түсіндіріп берді. «Бұған бірнеше фактор бірден әсер етеді.Біріншіден. Қытай қазір әлемдегі атом блоктарын ең жылдам әрі сериялы түрде салып жатқан ел. Онда жаңа энергетикалық блоктардың іске қосылуы мен мақұлдануы тұрақты жүреді. Қазақстан үшін бұл болжамды мерзімдер, жабдықтардың кең ассортименті, түсінікті экспорттық қаржылық модель және тізбектің бір бөлігін жергілікті деңгейде іске асыру мүмкіндігі деген сөз. Саяси деңгейде Қытаймен ядролық серіктестікті тереңдету және келесі нысандардың бірінде қытай консорциумын тарту туралы мәлімделген, бұл таңдауды технологиялық әрі дипломатиялық тұрғыдан қисынды етеді»,- дейді сарапшы. Оның айтуынша, Қытай бүгінде әлемдегі ең ауқымды және теңгерімді ядролық энергетика жүйесіне ие, бұл оған басқа елдерге қарағанда айтарлықтай артықшылық береді. «Соңғы он жылда Қытай тек реакторлар санын арттырып қана қойған жоқ, сонымен қатар өздерінің сериялы технологиясын — Hualong One реакторын жасап шығарды. Ол халықаралық қоғамдастық тарапынан мойындалған және Еуропалық сертификаттаудан (EUR) мен Британдық лицензиядан (GDA) өткен. Бұл қытай жобаларының әлемдік реттеушілер қоятын негізгі қауіпсіздік пен сапа талаптарына сәйкес келетінін білдіреді. Батыс елдерінде атом станцияларын салу көбінесе кідірістер мен шығындардың өсуімен жүретін болса, Қытай атом құрылысын өнеркәсіптік қарқынға жеткізді, яғни жыл сайын жаңа блоктарды іске қосып отырады. Бұл процестердің пысықталуын, тұрақты мерзімдерді және бәсекеге қабілетті өзіндік құнын қамтамасыз етеді»,- деді маман. Сонымен қатар, сарапшы Қытай уран өндіруден және байытудан бастап, жобалау, құрылыс, жабдық өндіру және станцияларды одан әрі пайдалану кезеңіне дейін толық өндірістік циклға ие дейді. «Бұл сыртқы жеткізушілерге тәуелділікті азайтады және қытай жобаларын неғұрлым тұрақты етеді. Қытайдың атом өнеркәсібі сонымен бірге экспортты белсенді дамытып келеді, мысалы, Пәкістандағы әрекет ететін жобалар мен Аргентинадағы жоспарланып отырған жобалар халықаралық келісімшарттарды бірыңғай стандарттар бойынша іске асыру қабілетін растайды. Осылайша, Қытайдың артықшылығы өндірістік кемелдік, сериялы тәсіл, бәсекеге қабілетті қаржылық шарттар және халықаралық деңгейде расталған қауіпсіздік стандарттарының үйлесімінде жатыр. Қазақстан үшін бұл жай ғана технологиялық әріптес емес, қысқа мерзімде заманауи шешім ұсына алатын сенімді орындаушыны білдіреді және жергілікті кәсіпорындарды жеткізілім тізбегіне тарту мүмкіндігін береді»,- дейді Хайрушев. Маман Қытай АЭС-ті жылдам салатынын жеткізді. «Ел ішінде сериялы Hualong One реакторлары бойынша алғашқы бетон құюдан қуатты өндіруге дейінгі мерзім 61–67 ай аралығында, яғни бес жылдан сәл асады. Қытай бойынша орташа есеппен бір блокқа шамамен алты жыл кетеді, бұл әлемдік орташа көрсеткіштен айтарлықтай жылдам. Шетелдік алаңдарда әдетте нормалар мен рәсімдердің импортталуына байланысты қарқын шамамен алты жарым жылға созылады, бірақ жобалық құжаттаманы жақсы дайындау, ұзақ циклдегі тапсырыстарды ерте беру және құрылыс сапасын қатаң сақтау арқылы бұл да нарықтық тәжірибеге сай келеді. Басқаша айтқанда, «бес жыл» мерзімі — жобалық дайындық жоғары, дизайнда минималды өзгерістер бар, лицензиялау параллель жүретін сериялы блок үшін мақсатты кесте ретінде мүмкін. Қазақстан үшін шынайы аралық 5–6,5 жыл, егер қаржыландыру уақтылы жүргізілсе, желі мен су дайын болса және негізгі тораптардың жеткізілімі тоқтаусыз жүрсе бұл әбден мүмкін»,- деп түйіндеді ол. Комментарии (0) |
Другие новости |
В 2025 году грузооборот через ж/д КПП Алашанькоу на северо-западе Китая достиг рекордного уровня В прошлом году КПП Алашанькоу, сосредоточив внимание на строительстве ключевого узла для реализации инициативы |
На автомобильном погранпереходе Хоргос ежедневно наблюдается большое количество китайских и иностранных туристов, |
В 2025 году через КПП Хоргос прошло 9 882 грузовых поезда Китай-Европа/Центральная Азия Через вышеуказанный погранпереход на центральноазиатский и европейский рынки идет все больше товаров китайского |
В настоящее время в округе Кашгар постепенно сформировалась модель развития полной производственной цепочки |
«Малая семья» и «большая семья» в представлении Си Цзиньпина. Семья - это самое малое государство, а государство - это тысячи и миллионы семей. |
Любители горнолыжного спорта со всего мира «скользят» в Алтай Синьцзяна. «Здесь практически собраны все самые желанные рельефы для горнолыжного спорта: пухлый снег лёгкий и сухой, катание |
«Реальный сектор экономики нельзя утрачивать» - Си Цзиньпин посетил предприятие-«малого гиганта». Сочетание старого и нового, разрушения и созидания - целый ряд наглядных практик показывает, что традиционные |
За прошедший год отношения между Китаем и странами Центральной Азии быстро развивались, формат "Китай-Центральная |
| О газете Контакты Размещение рекламы Мобильная версия | Нашли опечатку? Ctrl+Enter |
Прислать новость |